ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕР КЕЗЕКТІ ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫНДА

116
0

Ағымдағы жылы Түркістан қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің кезекші пультіне күтпеген хабарлама келіп түсті. Хабарламада қаладағы Мәдени Мұра көшесінде орналасқан тұрғын үйдің әжетханасына лақ түсіп кеткені айтылады.

Оқиғаға байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің  қызметкерлері хабарламада көрсетілген мекенжайға дер кезінде жетеді. Айтылған мекенжайға барған соң Шопан ата төлін әжетханадан шығарып, құтқарады.

Оқиғадан зардап шеккендер болмады.

Өз кезегінде құтқарушылар азаматтардан өрт немесе өзге де оқыс жағдайлар болған кезде 101 өрт сөндіру қызметіне немесе 112 нөмірін теріп шұғыл көмек шақыру қажеттігін еске салады. Қоңыраулар тегін қабылданады.