ШЫМКЕНТТЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА

106
0

Шымкентте сусындарға арналған алюминий құты мен қақпақ шығаратын кәсіпорын жылына 750 млн жинақ шығарады, деп хабарлайды Uakit.kz. 

Орталық Азия аумағындағы сусындарға арналған алюминий құты мен қақпақ шығаратын жалғыз кәсіпорын — «KazAlPack» компаниясы. Компания Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» индустриялық аймағында орналасқан. Кәсіпорынның негізі 2019 жылы қаланған. 2020 жылы өндірістік-қойма кешенінің құрылысы жүргізілсе, 2021 жылдың тамыз айынан бастап өндірістік жабдықтар жеткізілген. Ал, коммерциялық шығарылым 2022 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланған.

Кәсіпорын сусындарға арналған көлемі 450 мл болып табылатын алюминий құтыларын ұсынады. Тапсырыс берушінің талғамына байланысты өнімді сегіз түсте басып шығарады Сонымен қатар, құтымен бірге ашылуы оңай арнайы қақпақтары да бар. Алюминий банкілерін өндіретін «QazAlpack» өндірісінің инвестиция соммасы 23,4 млрд.тенге құрайды. Өндіріс орын 145 жұмыс орынын ұсынып отыр.

Айта кету керек, жалпы 2022-2025 жылдар аралығында 622 млрд. теңгеге 8,3 мың жұмыс орнын құрумен 66 жобаның пулы жасақталған. Оның ішінде, 2022 жылы 51,4 млрд. теңгеге 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құрумен 14 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланған. Бүгінгі таңға жалпы құны 29,2 млрд.теңгені құрайтын 6 инвестициялық жоба 520 жаңа жұмыс орнымен іске асырылды.  Атап айтқанда, «QazAlpack» ЖШС алюминий банкілерін өндіреді, «Dala Construction», «Цветлит» ЖШС-тері үй құрылысы комбинатын салумен айналысады, «Эко-фарм» ЖШС медициналық мақсаттағы бұйымдарын өндірсе, «Mega Smart B2B» ЖШС жиһаз шығарады, ал «Qagaz Ordasy SEZ» ЖШС жазу қағаздарын ұсынып отыр.

Сонымен қатар, жалпы аумағы 886 га құрайтын 5 өндірістік алаң жұмыс істейді. Аталған аймақтарда 14 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құрумен 345,8 млрд. теңге сомасына 237 инвестициялық жоба іске асырылуда. Өндірістік алаңдарды құруға мемлекет тарапынан 17,8 млрд. теңге жұмсалса, осы уақытқа дейін аймақ қатысушыларынан 36 млрд. теңге салық түсті.