ЖАСТАР КӘСІБИ ПСИХОЛОГТАРМЕН АШЫҚ СҰХБАТ ЖҮРГІЗДІ
Шымкентте жастардың бойындағы көшбасшылық қабілетін дамыту, ортада өзін ұстау, психолгиялық кедергілерден күресу бағытында жастарға семинарда кеңестер берілді, деп хабарлайды Uakit.kz.
Шымкент қаласындағы политехикалық колледжд студенттері арасында «Жас көшбасшылар» атты семинар-тренинг өтті. Психологиялық тренингті Жастар ресурстық орталығының психология бөлімінің басшысы Айгүл Шынтөреева, тәжірибелі психолог Марал Жұмагелді жүргізді.
Семинардың негізі мақсаты – жастардың бойындағы көшбасшылықты ояту және оны барынша дамыту, көпшілік алдында еркін сөйлеуді үйрету. Бұл іс-шара өз кезегінде жастар арасындағы патриотизмді оятып қана қоймай, олардың жаңа ой жасап, соны дамытуға деген үлестеріне үлкен мотивация береді, дейді ұйымдастырушылар.
«Өзіңді өзгерпей, өзгені өзгерту мүмкін емес. Қоғаммен араласпай, көпшілік ортада қорқатын адамдарға психологтың көмегі керек-ақ. Бүгінгі кездесуде осы тақырыпта кеңестер айтатын боламыз. Бұдан бөлек, жауапкершілік, жауапкершілік алуға қатысты білімге қазіргі жастар бей-жай қарайтыны байқалады. Осы тақырып төңірегінде жұмыс жасауымыз керек»,-деді тәжірибелі психолог Марал Жұмагелді.
Семинар барысында жастар кәсіби мамандармен ашық форматта тілдесіп, сұрақ-жауап өрбіді.
Соңғы уақытта жастар арасындағы көшбасшылықты дамыму бағытнда көптеген іс шаралар жүргізілуде. Нәтижесінде парасатты да саналы азамат болып қалыптасу, бүгінгі жас ұрпақ білімді де білікті, әрі жан-жақты болуы тиіс. Осы орайда сана-сезімі дамыған, құқықтық мәдениеті қалыптасқан, рухани-адамгершілік, дені-сау, патриоттық сана сезімі жоғары, әлеуметтік белсенді жасты тәрбиелеу әрбірінің міндеті.
Айта кетейік, Шымкент қаласы жастар ресурстық орталығының төрт бөлімшесі 14-29 жас аралығындағы жастарға психологиялық көмек беруге дайын. Жеке қабылдаудан өтуге болады.