ШЫМКЕНТ: ХҚО ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАРҒА ТОСЫНСЫЙ ЖАСАДЫ

84
0

Шымкеттік ХҚО-лар қызмет алушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды, деп хабарлайды Uakit.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай отырысында Ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне тағы бір мерекені қосу туралы ұсыныс берген болатын. Бүгінде Ұлттық мереке Республика күніне қайта жаңа мәртебе беріліп, осы орайда ел ішінде жан-жақты насихатталып, тойлануда. Осы мереке қарсаңында Шымкенттегі халыққа қызмет көрсету орталықтары да атаулы датаны ерекше атап өтті.  «Азаматтарға арналған үкімет» Шымкент қаласы бойынша  филиалы Республика күніне орай  мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында қызмет алушыларға тосынсый жасады. Мерекелік іс-шара аясында ХҚО қызметкерлері таңертеңнен бері қызмет алушыларға мерекелік шараны сезіндіру үшін, сондай-ақ ұлттық патриотизмін ояту, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында «Kazakhstan» шоколады мен кәдесый ретінде Қазақстан Республикасының жалаушалар таратылды. Қызмет алушылар мемлекеттік рәміз атрибуты бар  тәттілерді сыйға алыда. Іс-шара ел халқының бірлігін, алдағы ұлттық мерекені қолдау және отандастарымыздың патриоттық сезімдерін ояту мақсатында ұйымдастырылған болатын. Науқан бүгін кешке дейін жалғаспақ.
Мереке күндеріне байланысты сенбіде Шымкеттік ХҚО-лар мен мамандандырылған ХҚО-лар әдеттегі жұмыс кестесі бойынша 18:00-ге дейін, ал кезекші ХҚО-лар 20:00-ге дейін қызмет істейтінін еске саламыз.
24 қазан күні тек кезекші ХҚО-лар мен мамандандырылған ХҚО-лар жұмыс істейді. Бұл күні қызмет алушылар сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін қабылданады.  23 және 25 қазан — демалыс күндері. 26 қазаннан бастап барлық орталықтар әдеттегі кесте бойынша жұмыс істейтін болады.

Айта кету керек, Республика күні биыл алғаш рет тойланып отыр. Қазіргі уақытта аталған мерекеге орай еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда.