ШЫМКЕНТТЕ «ХАЛЫҚ ҮНІНЕ ҚҰЛАҚ АСАТЫН МЕМЛЕКЕТ» ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

105
0
Шымкентте Мемлекет басшысы бастамашылық еткен «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы жүзеге асуда, деп хабарлайды Uakit.kz.
Азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында мемлекеттік органдармен тұрғындар арасында өзара іс-қимылы жүйесі оң нәтижесін беріп келеді. Билік пен халық арасында ашық диалогтың болуы, емін-еркін пікір алмасуы, елдің жағдайын жақсартады. Жуырда ғана тұжырымдама аясында Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтеновпен Арғымақ шағын ауданының тұрғындарымен кездесу өткізген болатын. Кездесу барысында тұрғындар «Шымкент-Ташкент» тас жолын бойына жүйіткіген автокөліктердің, сондай-ақ жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі жайында сөз қозғалған болатын.  Ауылға кіре берістегі туындаған мәселелерді ортаға салып, оның оң шешімін тауып беруін сұраған.
Тұрғындармен көтерілген өзекті мәселе жерде қалған жоқ. Кездесуде Мұрат Дүйсенбекұлы Абай ауданының әкімі мен тиісті сала басшысына Шымкент-Ташкент бағытынан Арғымақ шағын ауданына кіріп-шығу, жол белгілерін орнату және жолақтарын қайта сызу мәселелеріне зерделеу жұмыстарын жүргізіп, ұсыныс енгізсін деп тапсырма берді. Көп ұзамай аталған мәселе өз шешімін тауып, тапсырма тиісті деңгейде орындалды.
Бүгінде Шымкент-Ташкент бағытынан Арғымақ шағын ауданына кіру-шығу жол белгілерін және жол сызықтарын «Южный Конкурент» ЖШС тарапынан жүргізілді. Осы жұмыстардың нәтижесінде жолдағы қауіп сейілді.
Айта кету керек, бүгінді шаһар басшысы бұқараға барынша жақын болуда.  Мегаполиске қарасты шағынаудандар мен елді мекендерде жиі барып, тұрғындармен кездесіп, атқарылып жатқан жұмыстар жайын түсіндірме жүмыстарын жүргізуде. Бұдан бөлек, елді мекендегі қордаланған мәселелерін тыңдап, қажет шараларды қабылдап, тиісті тапсырмаларды беріп келе жатыр. Бұған дейін қала әкімінің қабылдауына жеке мәселемен жүздеген адам жазылып, ұсыныс-пікірлерін білдірген болатын. Олардың дені шешілді. Ал шешілу кезеңі ұзақ мерзімді қамтитын мәселелер бойынша жүйелі жұмыстар атқарылуда.