ШЫМКЕНТ: МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕЛІ ЖАНДАР ЭЛЕКТРОНДЫ ҚОЛТАҢБА АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС БЕРЕ АЛАДЫ

76
0

Мүмкіндігі шектеулі жандар әлеуметтік қызметтерді порталы арқылы тапсырыс бере алады, деп хабарлайды Uakit.kz.
Қазіргі таңда Шымкент қаласында 38 880 мүмкіндігі шектеулі азамат тіркелген, оның ішінде 3 691 бірінші топтағы мүгедек болса, 15 212 екінші топтағы мүгедек, ал 12 739 үшінші топтағы мүгедек. Сондай-ақ 18 жасқа дейінгі 7 238 мүгедек балалар тіркелген.
Жыл басынан мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қызметтер порталы арқылы қажетті құралдар мен қызметтерге тапсырыс беруі іске қосылды. Яғни, мүгедектігі бар азаматтар қажетті құралдар мен қызметтерді өзінің электрондық қолтаңбасын (ЭЦҚ) пайдалана отырып, әлеуметтік қызметтер порталы арқылы тапсырыс беруге қол жеткізілді.
Нақты айтатын болсақ төмендегі жұмыстар жүргізілді.
— протездік-ортопедиялық құралдарға мүмкіндігі шектеулі азаматтардан 5 212 құралға өтініш қабылданып, 3 100 құрал қамтылды (59,5%) (2021 жылы – 6307 өтініш қабылданып, 4382 адам қамтылды (69,5%);
— сурдотехникалық, тифлотехникалық, гигиеналық құралдарға 14 004 құралға өтініш қабылданып, 12 411 құралдармен қамтылды (88,6%) (2021 жылы – 16 322 өтініш қабылданып, 14 846 қамтылды (91%);
— мүгедектерге арналған қол арба құралдарына 1 190 өтініш қабылданып, 953 құрал қамтылды (80,1%) (2021 жылы – 1276 өтініш қабылданып, 1163 адам қамтылды (91,1%);
— жеке көмекші, ымдау тілі мамандарының қызметіне  2 242 азамат мұқтаж болса, 2 141 азаматқа қызмет көрсетілді (95,5%) (2021 жылы – 2494 азаматқа);
— 8 312 азаматтан шипажай орындарына емделу үшін жолдамаға өтініштер қабылданып, 3 102 азамат қамтылды (37,3%) (2021 жылы –5602 азаматтан өтініштер қабылданып, 4778 адамға жолдама берілді (85,3%);
— мүгедектерге арнайы жабдықталған «Инватакси» 28 көлікке 507 азаматтардан өтініш қабылданып, 18 387 өтінімге қызмет көрсетілді (2021 жылы – 12000 өтінім);
— Ұлы Отан соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне, жүріп-тұруы қиын 1-2-ші топтағы мүгедектерге емдеу мекемелеріне және қоғамдық орындарға бару үшін арналған «Әлеуметтік такси» 58 автокөлікке  886 азаматтан өтініш қабылданып, 15 428 өтінімге қызмет көрсетілуде (2021 жылы – 651 өтінім).