ТАЗАЛЫҚ –ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ

334
0

Облыс әкімі Ж.Түймебаевтың қала, ауылдық округтерді көркейту, көріктендіру тапсырмасына және аудан әкімі Б.Омарбековтің бекіткен іс-шара жоспарына сәйкес, Леңгер қаласы мен барлық ауылдық округтер орталық көшелердің қас беттерін ретке келтіру, жөндеу жұмыстарын атқаруда.
Атап айтқанда, Леңгір қаласы Бірлік, Қапал батыр көшелерін аралау барысында нысан қасбеттерін әрлеу, қоршауларды реттеу керектігі жөніндегі берген тапсырманың орындалғанына көз жеткізе түстік. Бұл көшелердегі әктеу, сырлау, жөндеуді қажет ететін 39 нысанның барлығы реттелді.
Алатау ауылдық округі бойынша облыстық маңызы бар жол бойында орналасқан мекемелер, кәсіпкерлік нысандар мен тұрғын үйлердің қас беттерін, қоршауларын, ауласын ретке келтіру (бояу, сырлау, әктеу т.б) бойынша бірқатар жұмыстар атқарылған.
Аққұм ауыл округіндегі тұрғын үйлердің қасбетін, қоршауларымен шарбақтарын ретке келтіру жұмыстары барысында 15 тұрғын үйлердің қасбеттері әктелді, 7 үйге ескерту әкімшілік шара көру хабарланды. 6 тұрғын үйдің шарбақтары шлакоблокпен қоршалды. Жанаұйым елді мекенінде көпшілік қолданатын әжетхана және балалар алаңшасы ретке келтірілді.
Бірінші Мамыр ауылдық округі бойынша қасбеттерін ретке келтіруді қажет ететін 23 нысан болса, оның 17 талапқа сай ретке келтірілді.
Зертас ауыл округіндегі тұрғын үйлердің қасбетін, қоршауларымен шарбақтарын ретке келтіру жұмыстары барысында 12 тұрғын үйлердің қасбеттері әктелді. Еламан-Сауран көшесінде 32 бағана әктелініп сырланды. Спатай-Андас көшесінде 56 бағана әктелініп сырланды. Жол бойындағы 1,5 шақырымдай тікенек орылды. Жаңакүш елді мекенінде екі жақтама 285 метр декоративтік қоршауға тапсырыс берілді. Гулзарларды абаттандыруға 8 Камаз қара топырақ төселді.
Жоғарғы Ақсу ауылдық округіндегі тұрғын үй қасбеттерін, қоршауларын реттеу бойынша жұмыстар 100 пайызға орындалып, аяқ жолдар, бағаналар сырланды.
Кемеқалған оуылдық округінде де атқарылған жұмыс көп. Мұнда 14 үйдің қасбеті ретке келтіріліп, ұсқынсыз шарбақтар жөнделіп, жол бойлары тікенектер мен қоқыстардан тазаланып, ауыл ажары кіре түскен.
Ал Киелітас ауылдық округінде 38 үйдің қасбеті мен ескірген қоршаулар жаңаланған.
Көксәйек ауыл округіндегі тұрғын үйлердің қасбетін, қоршаулары мен шарбақтарын ретке келтіру жұмыстары бойынша 10 тұрғын үйлердің қасбеттері әктелді. Барлығы 1250 метрге орналасатын штакетниктердің орны белгіленді оның ішінде Қазақстан е/м 536 метр, Көксәйек е/м 714. Жол бойындағы көп қабатты тұрғын үйлер әктелінді. Қазақстан е/м АЗС тазаланып қасындағы 2 тұрғын әктелінді.
Қаратөбе ауылдық округі Қаратөбе ауылындағы С.Абдулла көшесінде 188 үй әктеп-сырланды. Тағы 25 үйдін сыртын әктеп сырлау қажет. 20 үйге ескерту хаттар берілді. Бүгінгі таңда 20-үйдің сыртын әктеп сырлап бітірді.
Қасқасу ауыл округі Қасқасу ауылы Қуандық көшесінде жалпы 71 үй бар, оның ішінде: 64 үй әктеп-сырланған, 7 үйдің сыртын әктеп-сырлау қажет. Бүгінгі таңда 5-үйдің сыртын әктеп-сырлап бітірді.
Қоғалы ауыл округіндегі тұрғын үйлердің қасбетін, қоршауларымен шарбақтарын ретке келтіру жұмыстары бойынша 6 тұрғын үйдің шарбақтары шлакоблокпен қоршалды. 1 Камаз, 1 Погрузщик 2 күн бойы Алшалы және Диханкөл елді мекендерінде 3 ретсіз жиналған күл-қоқыстарды тазалап орындарына топырақ төселді.
Тасарық ауылындағы М.Әуезов көшесінде жалпы 167 үй бар, оның ішінде 135-үй әктеп сырланған, 32-үйдің сыртын әктеп сырлау қажет. 32-үйге ескерту хаттар берілді. 6-үй әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар. Бүгінгі таңда 25-үйдің сыртын әктеп-сырлады.
Құрметті аудан тұрғындары!
Қазақта «Тазалық – иманның жартысы» деген сөз бар. Тазалық ұғымының ауқымы кең. Зерделей, тереңдей түссеңіз біршама сөз қозғауға болады. Әрбіріміз өзіміз өмір сүріп жатқан ауылдың немесе қаланың тазалығы жөнінде ойлансақ.
Төлеби ауданы – баршамыздың ортақ үйіміз. Тұрғылықты мекеніміз. Сол себепті тазалық ең әуелі өз ауламыздан, босағамыздан басталуы ләзім. Әрбір төлебилік бойкүйездік, салғырттық, салақтық кеселдерінен арылып, өзі тұратын үйінің қасбетінің, шарбағының ақталғанына, көшесінің тазалығына жаны ашып, мұңайса қандай ғанибет!
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

51