ШАТАҚ ШАТЫРДАН ШЫҚТЫ

Ағымдағы жылдың 20 ақпанында Түркістан қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің кезекші диспетчеріне Қазыбек би көшесі бойындағы тұрғын үйде жану жағдайы болып жатқаны туралы хабарлама түседі.

Келіп түскен хабарлама бойынша өрт сөндірушілер оқиға орнына  АЦ-5-40(43253)-011 өрт сөндіру автокөлігімен  жедел жетеді.  Оқиға орнына жеткен кезде өрт сөндірушілер тұрғын үйдің ауласында көлемі 200 шаршы метрді құрайтын сарайдың ауданы бір шаршы метр шатыры түтеп, бықсығанын анықтайды. Оқиға өртке ұласпаған.

Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы аталған оқиға бойынша жинақталған іс-құжаттарды ҚР Бас прокурорының тиісті бұйрығы  мен ҚР Ішкі істер министрлігінің «Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту  туралы» №175 бұйрығы  5 бөлімі, 16 тармағы «3» (ашық аумақтар мен дала алқаптарындағы иесіз ғимараттар мен иесіз көлік құралдарының, құрғақ шөптің, жапырақтардың, терек ұлпасының, шабындық қалдықтарының, сондай-ақ қоқыс төгетін жерлердегі, бос жерлердегі, үй жайлар мен шаруашылық жүргізу объектілерінің аумақтарындағы, жол жиектеріндегі, жинауға арналған контейнерлік алаңдардағы, жинауға арналған контейнерлердегі (урналардағы), тұрғын үйлердің лифт шахталарындағы, тұрғын үйлердің қоқыс жинағыштарындағы, тұрғын үйлердің баспалдақ торларындағы, тұрғын үйлердің жертөле және шатыр үй-жайларындағы қоқыстардың тұтанулары) тармақшасын басшылыққа ала отырып, оқиғаны номенклатуралық іске шығарды.