ШЫМКЕНТТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ ОҢ КӨРСЕТКІШКЕ ИЕ

96
0
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов бүгінгі Үкімет отырысында еліміздің қаңтар-қазан айындағы әлеуметтік-даму қорытындысын жасады, деп хабарлайды Uakit.kz.
Жиын барысында премьер-министр Шымкентте барлық сала бойынша оң өсім сақталып тұрғанын және атқарылуға тиіс межелерді орындауда елімізде көшбасшы өңірлер қатарында екенін айтты.
• Өнеркәсіп өнім көлемі 750,3 млрд.теңге жетіп, нақты көлем индексі 105,8 пайызды құрады. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібі – 107,3 пайыз болып отыр.
• Инвестиция көлемі 403,2 млрд.теңге болып, 18,3 пайызға артты.
Оның ішінде, мемлекеттік бюджеттен 93 млрд.теңге, жеке көздерден 310,2 млрд.теңге.
• Құрылыс жұмыстарының көлемі көлемі 150 млрд.теңге немесе 138,6 пайыз құрады.
• Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 599 мың шаршы метр немесе 126,2 пайыз болды.
• Жалпы сауда көлемі 1 578,3 млрд.теңге болып, нақты көлем индексі 14,8 пайызға артты. Оның ішінде, бөлшек сауда 482,1 млрд.теңге, нақты көлем индексі 112,1 пайыз, көтерме сауда 1 091,3 млрд. теңге, 116 пайыз.
• Жалпы көлік көлемі 258,0 млрд. теңге болып, 107,7 пайызды құрады.
Жолаушылар айналымының нақты көлем индексі өткен жылдың сәйкес кезеңімен 1,0 пайызға, жүк айналымы 4,6 пайызға артты.
• Байланыс қызметі 6,9 млрд. теңгені немесе 105,0 пайызды құрады.
Әлихан Смайылов тұрақты даму қарқынын ұстап тұру үшін экономиканы әрі қарай әртараптандыру, инвестиция тарту және тұрақты жұмыс орындарын құру бойынша жұмысты күшейту қажеттігін атап өтті.  Сонымен қатар, Үкімет басшысы өңірлер осы жылдың соңына дейін әлеуметтік-экономикалық дамудың жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізіп, Мемлекет басшысы қойған міндеттердің тиімді іске асырылуын қамтамасыз етуі қажеттігін жеткізді.