ШЫМКЕНТТІК ӘЙНЕКТЕРГЕ СҰРАНЫС АРТҚАН

100
0

Шымкентте өңдеу өнеркәсібі жылдан-жылға қарқынды дамып келеді, деп хабарлайды  Uakit.kz.
Шымкент қаласында жалпы өнеркәсіпте өндірілген өнім көлемі 666,4 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем 6,7 пайызға артқан. Өнеркәсіп саласының дамуы, қала экномикасына тың серпін беретіні анық. Бүгінгі таңда Шымкентте өнді­рілген өнімдердің сапасы жо­ғары, тұтынушылар тарапынан сұранысқа ие. Осындай өндіріс орындарың бірі «Dana Trade» серіктестігі. Аталған өндіріс орын шыны әйнектерін өндіреді. Мұндайғы әйнектер төзімді, жылу өткізгіштік қабілеті жоғары. Өндірісте жаңа инновациялық технологияларды қолданады. Шынылар Ресейден әкелініп, осында өңделеді. Кәсіпорын айына 10-15 мың шаршы метр шыны шығарады. Өнімге деген сұраныс арта түскен. Себебі бағасы қол жетімді әрі сапалы. Сұраныс әсіресе Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарынан көптеп келуде. Өндіріс орын жетекшісінің айтуынша, Түркістан облысындағы мемлекеттік ғимараттардың  80 пайызы дәл осы кәсіпорыннан шыққан шыныларды пайдаланған екен.
«Бізде бір «Мастер» атты бірегей аппарат бар. Тапсырыс түскен жағдайда шыныға адамның суретін түсіре аламыз. Қазақстанның белгілі бір өзінің стандарты бар. Мемлекеттік стандарт сапасына сай. Оны ай сайын тексеріп отырады. Әр обьектіге барған кезде тапсырыс берушілердің өздерінің қабылдап алатын адамдары тексеріп алады. Сапасы стандартқа сай»,— дейді «Dana Trade» ЖШС зауытының  басшысы Бақтыбай Ілиясов.
Бүгін таңда зауыттың құны 1.5 млрд.теңгені құрап отыр. Мемлекет тарапына қолдау көрсетіліп 780 млн.теңге қаржы қарастырылған. Өніріс орынның аумағы 6 гектар жерді құраса, жылдық қуаттылығы 180 000 шаршы метр. Өндіріс ошағындағы техникалардың барлығы заманауи. Шетел асып арнайы тапсырыспен Шымкентке әкелінген құрылғылар. Бүгінде зауытта 136 адам жұмыспен қамтылған. Олардың жартысы қала ішінде орналасқан офисте. Екі ауысымға бөлінген жұмыс уақытының әрбірінде 32 маман жұмыс істейді.