ICILS – КОМПЬЮТЕРЛІК ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУІ

100
0

Шымкент қаласының Білім басқармасы Әдістемелік орталығының 2022 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың қазан айында Молда Мұса атындағы №5 жалпы орта білім беретін мектеп базасында «ICILS – компьютерлік және ақпараттық сауаттылығы халықаралық зерттеуі» тақырыбында информатика пәні мұғалімдеріне арналған оқыту семинары өтті.

Семинардың мақсаты – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың жұмысқа және өмірге дайындықтарын бағалау, 8-сынып оқушыларының компьютерлік және ақпараттық сауаттылыктарын арттыру, халықаралық деңгейде ықпал ету және оқу жылында оқу үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктерімен таныстыру. Әдістемелік орталығының «Менеджменттік басқару және оқу процесін аналитикалық-талдау сараптау» бөлімінің информатика және робототехника пәнінің әдіскері Мөлдір Ахметқызы ұйымдастыруымен өткен семинар барысында ағымдағы жылдың сәуір айында өткен апробациялық мектептер бойынша «ICILS – халықаралық зерттеуіне» оқушыларға қолдау көрсету және дамыту жұмыстарының барысы туралы ақпараттар берілді. Аталған шараға Абай ауданына қарасты білім беру ұйымдарының информатика пәні мұғалімдері қатысып, семинар соңында шебер ұстаздар өз ұсыныс, пікірлерін ортаға салды.

Айта кету керек, Шымкент қаласында 2022 жылдың балалар жылы деп жариялауына байланысты, бюджеттен 44,6 млрд теңге қаржы бағытталып, бастауыш сынып оқушылары 100% тегін ыстық тамақпен, білім ұйымдары оқушылардың қауіпсіздігі үшін бейнебақылау жүйесі, дабыл батырмасы мен турникеттер және І-дәрежелі мамандандырылған күзетпен толығымен қамтылды. Ал, материалдық-техникалық базаны жаңарту үлесі 32% — дан 72%-ға дейін артты. Оқушыларды қосымша біліммен қамту спорт және мәдениет салалары алғаш рет жан басына қаржыландыру жүйесі арқылы балаларды қосымша біліммен қамту жобасы арқасында үлес бір жылда 49%-дан 76%-ға дейін өсті. Бұл көрсеткіш 2023 жылы 85%, 2025 жылға дейін 100%-ға орындау жоспарланды.