МЕМЛЕКЕТТЕН ҚОЛДАУ ТАУЫП ӨЗ КӘСІБІН АШТЫ

Шымкенттік тұрғын мемлекет тарапынан қолдау тауып, өз кәсібін ашқан, деп хабарлайды Uakit.kz.
Шымкент қаласы, Еңбекші ауданының тұрғыны Жеңіс Мырзабаев өз бизнес идеясын жүзеге асыруға мақсатында мемлекеттін тарапынан берілетін  қайтарамсыз грант жобасына қатысты. Өз идеясын қорғап шыққан ол 2021 жылы сәуір айында 583 400 теңге көлемінде мемлекеттін берілген өтеусіз қаржыға қол жеткізген. Жас бала күнінен техника тілін жақсы түсініп, меңгергендіктен, өз саласын көлік жөндеу ісімен байланыстырған. Бүгінде осы көлікті жөндеу бағытында тынбай еңбек етіп, өз нәпақасын тауып отыр. Мемлекет берген мүмкіндікті тиімді пайдаланып, кәсіпкерлікке ден қойған азаматтың, қазір тұрақты клиенттері бар. Енді бұл шағын бизнесін ары қарай да ұлғайтуға ниет екенін айтып отыр.
«15-16 жыл бой көлікті басқарып жүріп, оны жөндеуді меңгеріп алдым. Сосын көлік жөндеу сервисін ашсам деген жоспар құрдым. Басында қаражат жағын таубы қиындыққа соқты. Жақындарымнан көмек сұрадым, нәтижесі болмады. Сосын мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге берілетін көмек жайында естіп, құжат таспсырдым. Осылайша міне бүгін өз кәсібімді дөңгелетіп отырмын. Келешекте кәсібімді кеңейтіп, қосымша жұмысшылар алуды көздеп отырмын. Осылайша осы кәсіптің нағыз маманы атануды жоспарлаудамын», — дейді автокөлік сервисінің маманы Жеңіс Мырзабаев.
Айта кету керек, Биыл Шымкент қаласында өз ісін бастағысы келетін азаматтарға 1 150 қайтарымсыз грант (400 АЕК) беру жоспарланған. Қазіргі таңда жалпы үш лек бойынша 610 адам қайтарымсыз грантқа қол жеткізді. Оның ішінде 430-ы әйел азаматшалар. Олар жартылай дайын тағамдарды сату, кондитерлік өнімдерді даярлау, тігіншілікпен айналысу, сүт өнімдері мен балалар ойыншықтарын жасап шығару сынды ұсыныстарын білдірді.
Ал, жыл басынан «Бизнес бастау» жобасы шеңберінде 6805 әйел азаматша оқытылса, бос және жаңа жұмыс орындарына 4888 әйел орналасқан, 3 айлық оқу курстарына қатысып жаңа мамандық игерген әйелдер саны 1143. Сондай-ақ, «Осал топтарға арналған әлеуметтік жұмыс орындар», «Ұрпақтар келісім шарты», «Күміс жас» сынды өзгеде бағдарламаларға қатысқан қыз-келіншектеріміз бар.