СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ БОЙЫНША АНЫҚТАЛҒАН ЗАЛАЛДЫҢ 98,9% МЕМЛЕКЕТ ПАЙДАСЫНА ШЕШІЛДІ

270
0

Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай  2020 жылдың І-тоқсанында атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша брифинг өткізді.   

          

Баспасөз жиынында Агенттіктің Түркістан облыстық департаментімен 94 іс  тіркелгендігі атап өтілді.        
Брифинг барысында өндірісте болған істердің 35-і сотқа жолданып, оның ішінде 5 іс айыптау актісімен, 4 іс жеделдетілген өндіріспен және 26 іс процессуалдық негізде сотқа жолданғаны мәлім болды.
 
Сондай-ақ, ҚР ҚПК-нің 200- бабына сәйкес,  жыл басынан бері заң бұзушылықтарға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнінде Агенттіктің Түркістан облыстық Департаментімен жолданған 35 ұсыныстың 18-і қаралып, нәтижесінде 11 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған. 

Баспасөз конференциясында Мирас Асқарбайұлы өндірістегі қылмыстық істер бойынша анықталған 508,7 млн. теңге залалдың 502,9  млн. теңгесі (98,9%) мемлекет пайдасына шешілгенін және заң талаптарына сәйкес, департамент тарапынан сыбайлас жемқорлық қылмыстарын әшкерелеуге жәрдемдескен 2 тұлғаға жалпы сомасы 362 мың теңге көлемінде  ақшалай сыйақы берілгенін жеткізді.