ЕЛДІҢ ЕРТЕҢІ БҮГІНГІ ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА
Шымкентте қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «ROBO TEX – 2022» жобасы басталды. Бүгінде жастарды робототехника технологиясы саласына оқытатын жоба өтіп жатыр.
Жоба мақсаты – жас ұрпаққа заман талабына сай білім беріп, жан-жақты дамуына ықпал ету. Оқушылардың жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды игеруге үйрету және кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашу. Сондай-ақ, цифрлық трансформациялау идеясын қазақстандық трендке айналдыру. Оқушының білім беру робототехникасының әртүрлі бағыттарын және STEM меңгеруге, сонымен қатар күрделі тәжірибелік тапсырмаларды шешуге мүмкіндік беретін ашық және тұжырымдамалық жиектемені әзірлеу. Жобаға 14-25 жас аралығындағы жоғары және орта арнаулы оқу орындары мен мектеп оқушылары арасынан 330 жас іріктелініп алынып, оқытылды. Қазір солардың 100-і екінші кезеңге өтіп, 3 топқа бөлініп, білім алып жатыр. Байқаудың жеңімпаздары марапатталып, қатысушыларға сертификаттар тапсырылады. Айта кету керек, Шымкент қаласында жастардың жан-жақты дамуы үшін барынша жағдайлар жасалып келеді. Мәселен, жуырда Қаратау ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастар арасында девиантты мінез-құлықтың алдын алу тақырыбанда студенттерімен кездесу өтті. Іс-шара мақсаты – жастар мен жасөспірімдердің арасында девиантты мінез-құлықтың алдын-алу және өз-өзіне қол жұмсау деңгейін азайту. Кездесуге тәжірибелі психолог маманы Асанова Салтанат Сайлауқызы және “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің психологы Қалдыбай Айда және Орталық Азия Инновациялық университетінің студенттері қатысты. Жастар арасында әлеуметтік маңызды мәселе бұл қоғамға жат қылықтар, әрекеттер, мінез-құлықтардың қалыптасып отыруы алаңдатады. Жастар болашақтың негізін салушы. Олардың бейтарап көңіл күй, бойкүйездік, жалқаулық, тағы сол сияқты жаман қылықтардан арылуына, қоғамдағы жастар белсенділігі арқылы ілгерілеу үдерісін жаппай ақпараттандыру және оның алдын алу жолдарының жүйесі мен сауықтыру шараларының кезеңділігімен үйлесімді жүруі қажет. Кездесу барысында Тәжірибелі психолог маманы Асанова Салтанат Сайлауқызына жастар өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, өзара еркін пікір алмасты.