ШЫМКЕНТТЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТПЕН ОҚЫТАТЫН МЕКТЕП БАР

68
0

Шымкент қаласында фин-британдық білім беру жүйесімен оқытатын мектеп жұмыс істейді, деп хабарлайды Uakit.kz.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы сейкес «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобаны» жүзеге асыруды бағытында Шымкентте «Даму» қорының аймақтық филиалы бірқатар жұмыстар атқарды. Солардың бірі Шымкенттегі заманауи үлгідегі FinBridge International School мектебі.
Шымкенттегі FinBridge International School мектебі фин-британдық білім беру жүйесімен оқытады. Мектептегі тәрбиенің мақсаты – әр баланың өзіндік ерекшелігін ашуға жағдай жасау. Ұстаз өз ісіне құмар, әр адамның бойындағы дарындылық пен қабілеттерді көру үшін балаға шын ықыласпен қарайды.
FinBridge International School – халықаралық аккредитациясы бар және фин-британдық білім беру үлгілерінің әдіснамасы бойынша ағылшын тілінде оқытатын мектеп. Мектеп фин-британдық білім берудің стандарттарын, принциптерін және философиясын пайдалана отырып, балаларды Ұлттық оқу жоспары бойынша оқытады.
Мектеп Американдық мектептер мен университеттерді аккредиттеу комиссиясының халықаралық институционалдық аккредитациясына үміткер болып табылады.
Бүгінде мектепте 200-ден астам оқушы фин және британдық жүйе бойынша білім алуда. Сонымен қатар, интеллектуалдық, спорттық және көркемдік бағыттағы 25 түрлі шығармашылық үйірмелер оқушының қабілетін жетілдіреді. Нутрициологтан күніне 3 мезгіл тамақ және қауіпсіз көлік қызметі қарастырылған!
2021 жылы «Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламасына қатысудың арқасында мектеп «First Heartland Jusan Bank» АҚ-тан инвестициялық мақсатқа жылына 15%-бен қаражат алды, оның 9%-ын «Даму» қоры субсидиялайды.
Мектептің міндеті — балаларға барлық саламен танысуға жағдай жасау және мүмкіндік беру, ал балалар өздеріне ұнайтын нәрсені таңдайды, ең бастысы — қызығушылықты ояту.