КӘСІПКЕРЛІК САЛАДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС КӨП

103
0
Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Сапарбек Ешанқұлов Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің кіріс көздерінің түсімдері, мемлекеттік қызмет көрсету, камералдық мониторинг және өндірістік емес төлемдер бағыты бойынша 10 айдағы атқарылған жұмыстарды баяндады.
– Салық органдарының басым міндеттерінің бірі — салық төлемдерінің толық және уақытылы түсуін қамтамасыз ету болып табылады. Жалпы бюджет қазынасына 341,5 млрд.теңге түсім түсіп, жоспар 109%-ға қамтамыз етілді, немесе түсімдердің өсу қарқыны 155%-ға ке артты. Оның ішінде салықтық түсімдердің жоспары 106%-ға, немесе 25,8 млрд.теңге. артығымен қамтамасыз етілді. Ал кедендік салықтар мен төлемдер 102%-ға орындалды. Салықтық және кедендік әкімшіліктендіру жұмыстарының нәтижесінде бюджетке 29,4 млрд.тг. қосымша резервтер өндірілді. Республикалық бюджет — 21,0 млрд.теңге, жергілікті бюджет — 8,4 млрд.тг, — деді спикер.
Спикердің сөзінше, камералды бақылау жұмыстарың нәтижелері жалпы салық органдары қашықтықтан бақылау шараларын белсенді түрде қолдануда олардың бірі — камералдық бақылау жұмыстары. Камералдық бақылау салық декларацияларында көрсетілген мәліметтер мен түрлі деректер көздерін талдау және салыстыру негізінде құрылады. Бұзушылықтар анықталған кезде салық төлеушлілерге өз бетінше жою құқығын беру мақсатында хабарламалар жібереді. Департамент тарапынан ағымдағы жылдың 10 айы көлемінде барлық салық түрлері бойынша бұзушылық сомасы 563, 6 млрд.теңге құрайтын 20 837 хабарлама жолданылған. Бүгінгі таңға салық төлеушілерде анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою арқылы қосымша айыпұлдар есептелінбей, 4 624 хабарлама орындалып, 2,1 млрд теңге өндірілді. Одан бөлек, бұзушылық сомасы 353,3 млрд. теңге құрайтын 12 213 хабарлама орындалып, нәтижесінде 21 млрд. теңге өндіріліп отыр. Оның ішінде: 13,1 млрд.теңге нақты ақшамен есебінен орын алса, 8 млрд. теңге артық төлем арқылы өндірілген. Қазіргі уақытта 194,3 млрд.тг. 7 650 хабарламалардың орындау мерзімі өткен. Яғни салық төлеушілерге өз бетінше заңбұзушылықтарды жою жұмыстары жүргізілмеген.