МЕДИЦИНА САЛАСЫНЫҢ ДАМУЫНА АЙРЫҚША НАЗАР АУДАРЫЛЫП ОТЫР

97
0

Елімізде, оның ішінде Шымкент қаласында медицина саласының дамуына айрықша назар аударылып отыр. Соңғы уақытта медициналық орталықтардың ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу ісіне ерекше көңіл бөлініп келеді. Бұдан бөлек, материалдық-техникалық базасы да нығая түсуде. Осының арқасында күрделі оталар қалалық медициналық мекемелер базасында сәтті жасалуда. Бүгінгі материалымызда міне сондай іргелі мекемелердің бірі турасында тарқата жазуды жөн санап отырмыз.

Қаладағы қызмет көрсету сапасы жоғары және барлық қажетті құрылғылармен қамтамасыз етілген мекеменің бірі — №5 қалалық емхана. Алғашқы медициналық-әлеуметтік көмек көрсететін ұйымның барлық процестері автоматизацияланған. Емханада жалпы тәжірибелік дәрігерлер, педиатриялық учаскелер, гинекологтар, тағы басқа салалық мамандар қабылдау жүргізеді.Онда жалпы 400 -ден аса қызметкер жұмыс істеуде. Емдеу мекемесіне 59 мыңнан аса қала тұрғыны тіркелген. Ол пациенттерге тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық қызмет көрсетіледі. Ұйымда емдеуге жатқызу бюросы порталы, медициналық қызметтердің сапасын басқару қызметі, пациенттерді қолдау қызметі енгізілген. Емханада барлық орталықтандырылған коммуникациялық жүйелері бар. Қаладағы қызмет сапасы жоғары медициналық мекемелердің бірі саналады. Бүгінде жұмысына қатысты сын жоқ. Мүмкіндіктері кең, дәрігерлерінің біліктіліктері жоғары екендігін де айрықша айта кеткен жөн. Жалпы Шымкент қаласында қоғамдық денсаулықты сақтау мен бұқаралық спортты дамыту мақсатында көптеген игі бастамалар көтеріліп келе жатыр. Емханалар мен ауруханалардың материалдық-техникалық базасы жақсарып, ғимараттар күрделі жөндеуден өтуде. Ал атқарылған жұмыстар жайы қала әкімі Мұрат Әйтеновтің тікелей бақылауында екенін де баса айтқымыз келеді. Бұдан бөлек, бұқаралық спортты дамыту ісі де басты назарда. Қазіргі уақытта қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларына ойын алаңшаларымен қатар бұқаралық спорт түрлерімен айналысатын құрал-жабдықтар да орнатылуда.