АҚПАРАТТЫҚ — ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

110
0
Жастар ресурстық орталығының жанынан құрылған «Мобильді топ» мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Uakit.kz.
Ақпараттандыру жұмыстары Абай ауданына қарасты «Самал» базарында өтті.
Түсіндірме жұмыстары барысында:
— Мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламалары;
— «Жастар практикасы»;
— «Алғашқы бос жұмыс орны»;
— «Жастар ресурстық орталығының» жұмысы мен бөлімшелері, психологиялық кеңес туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ақпараттандыру парақшалары таратылды.
Айта кету керек, өтеусіз негізде 175 адам жас азамат мемлекеттік грантқа қол жеткізсе, жастар практикасы аясында 2 236 жас маман өз мамандығы бойынша тағылымдамадан өтуге жөнелтілген. Бұдан бөлек нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға бағдарлама түзелеген болатын. Бағдарлама шеңберінде мынадай бағыттар бойынша мемлекеттік қолдау шаралары көзделген.
1) Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету;
2) жаппай кәсіпкерлікті дамыту;
3) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту;
4) Жастар — ел тірегі ұлттық жобасының кешенді іс-шараларын іске асыру.
Осы бағыттар да Шымкент қаласы «Жұмыспен қамту» орталығы нәтижелі көрсеткіштерге қол жеткізіп отыр. Орталық жыл басында кәсіби білім беру бойынша 2 392 адамды оқуға жолдау жоспарланған болатын, бүгінде нақты 3 354 адам оқуға жолдап отыр.
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше 2022 жылдың 2 тоқсандағы жағдайымен Шымкент қаласы бойынша жұмыссыздар саны 22 546 адам, жұмыссыздық деңгейі 5% құрайды. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы шеңберінде  2022 жылға 33 500 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып, нақты 29 277 адам қатысты немесе жоспар 87,4% орындалды.