ҚҰТҚАРУШЫЛАР ҚОРАДАҒЫ ӨРТТІ СӨНДІРДІ

Ағымдағы жылдың 18-қазанында Түркістан қаласындағы Х  Башиков көшесіндегі тұрғын үйлерінің бірінде өрт орын алды,-деп хабарлайды uakit.kz. Өрт  үйдің қорасында орын алған.

Үй иелері өрт сөндірушілерге күндізгі сағат 12:45-те хабарласып, көмек сұраған. Қоңырауға байланысты қаладағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылары АЦ-5,0-40 (43253)-011  және АЦ-8,0-70(43118)-013  өрт сөндіру автокөліктерімен   тиісті мекен-жайға сағат 12:52-де жетеді. Оқиғаға байланысты анықталған мән-жайлар.  Үйдің ауласында орналасқан қораның жанында ауданы 3 шаршы метрді құрайтын ағаш қалдықтары мен тезек қилары жанған. Өрт сағат 13:00-де толық сөндіріледі. Зардап шеккендер мен күйік алғандар жоқ.

Оқиғаға байланысты өрт сөндірушілер үй жағдайында қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды ескертеді.