«ҚЫС-2022»:  АВТОКӨЛІК ГАЗ ҚҰБЫРЫНА СОҚТЫҒЫСЫП АПАТ ТУДЫРДЫ

116
0

Түркістан қаласында жеңіл автокөлік Тараз көшесіндегі  жер үстінен жүргізілген орташа қысымды ДУ-89 мм газ құбырына  соқтығысқан. Авария салдарынан жүздеген тұрғын үйлерде көгілдір отынның келуі тоқтаған.

Оқиғаға байланысты Тараз көшесіндегі №74 үй тұрғыны  тиісті мекемелерге хабарлады. Қаладағы 112 пільтіне келіп түскен бұл техногенді апат бойынша құтқару командасы жұмылдырылды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес 800 абонент газсыз қалған. Оқиғаға байланысты құтқарушылар мен арнайы мамандар қажетті шаралар жүргізді. Нәтижесінде абоненттер көгілдір отынға қайта қосылды.

Бүгін Түркістан қаласында өткізілген  Қыс-2022» республикалық командалық оқу-жаттығуы кезіндегі кезекті шартты жағдай осылай болды.

Азаматтық қорғау саласында қызмет ететін инспекторлардың біліктілігі, құтқарушылардың тәжірибелік дағдысы шыңдалған шарада  жергілікті атқарушы орган мен шаһар тіршілігін қамтамасыз ететін коммуналдық қызметтердің күштері мен арнайы техникалардың  қысқы кезеңнен өтуге дайындығы пысықталды.

Республикалық командалық штабтық оқу-жаттығу шарасына 118 адам мен 41 техника жұмылдырылды.

Оқу-жаттығу кезінде шартты түрдегі жағдай бойынша құтқару жұмысына жұмылдырылған команданың 5техногенді апат бойынша кәсіби дағдылары сыналды.

Оқу-жаттығу барысында зардап шеккендер болмады.