«ҚЫС-2022»:  ЖОЛДА ҚАЛЫП ҚОЙҒАН ЖОЛАУШЫЛАР ЖЫЛЫТУ БЕКЕТІНЕ ЖЕТКІЗІЛДІ

Қалың жауған қар салдарынан «Кентау-Ащысай» бағытындағы тас жолда бірнеше автокөлік жолда қалып қойды. Жүргізушілер мен жолаушыларға шұғыл көмек қажеттігі туралы хабарлама 112 пультіне келіп түсті. Оқиғаға байланысты Түркістан қаласының құтқарушылары мен шаһар тіршілігін қамтамасыз ететін коммуналдық қызметтердің күштері арнайы техникамен оқиға орнына жедел аттанды. Содан соң түркістандық құтқарушылар көлік ішінде қалып қойған жолаушыларды эвакуациялады. Оларды жылыту бекеттеріне жеткізді. Сонымен қатар көліктерді қар құрсауынан шығару жұмыстарына қатысты.

Бүгін Түркістан қаласында өткізілген  Қыс-2022» республикалық командалық оқу-жаттығуы кезіндегі кезекті шартты жағдай осылай болды.

Азаматтық қорғау саласында қызмет ететін инспекторлардың біліктілігі, құтқарушылардың тәжірибелік дағдысы шыңдалған шарада  жергілікті атқарушы орган мен шаһар тіршілігін қамтамасыз ететін коммуналдық қызметтердің күштері мен арнайы техникалардың  қысқы кезеңнен өтуге дайындығы пысықталды.

Республикалық командалық штабтық оқу-жаттығу шарасына 118 адам мен 41 техника жұмылдырылды.

Оқу-жаттығу кезінде шартты түрдегі жағдай бойынша құтқару жұмысына жұмылдырылған команданың 5техногенді апат бойынша кәсіби дағдылары сыналды.

Оқу-жаттығу барысында зардап шеккендер болмады.