ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ІСІНДЕ ІЛГЕРІЛЕУ БАР

85
0

Үшінші мегаполисте 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары бойынша биылғы жылы 57 696 адамға жұмыспен қамту шараларын көрсету жоспарлануда. Оның 35 276 орны – тұрақты, 18 128 орны – уақытша жұмыс орындары. Бүгінге күнге 30 481 адам жұмыспен қамту шараларына қатысып отыр. Жалпы 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы шеңберінде осы жылы 33 500 адамды жұмыспен қамту жоспарланса, оның ішінде 20 759 орын тұрақты жұмыс 8 449 орын уақытша жұмыс орындары белгіленіп отыр. Жыл басынан бері 13 363 адам жұмыспен қамту шараларына қатысқан.

Осы тұста айта кетерлігі, Шымкент қаласы республикалық көрсеткіштер бойынша азаматтарды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру бағытында алдыңғы қатарында. Атап айтқанда, әлеуметтік жұмыс орындарына 90 адамды жолдау жоспарланса, бүгінде 123 азамат жұмыспен қамтылды. Яғни жоспар артығымен 136,7%-ға орындалып отыр. Сондай-ақ «Алғашқы жұмыс орны» жобасына 227 адам жолдау жоспарланса, нақты 227 адам жолданды. Қоғамдық жұмыс 2188 адамға жоспарланған болса, нақты 2177 адам жұмысқа орналасты. «Жастар практикасы» бағдарламасына биылғы жылы 2098 жасты жолдау жоспарланып, бүгінде 1063 адам жұмысқа орналасқан. ҚР Премьер-министрі мен Шымкент қаласы әкімінің арасындағы меморандум аясында құрылатын жұмыс орындарына 14 517 тұрақты жұмыс орын құру белгіленіп,бүгінде ағымдағы жылдың 1 шілдесіне 12 488 тұрақты жұмыс орыны құрылды, яғни жоспар 86%-ға орындалып отыр.  Айта кету керек, үшінші мегаполисте «Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» кешенді жоспарында көрсетілген шаралардың оң динамикасы байқалады. Аталған жоспарда жұмысшы жастар ел дамуының негізі ретінде қарастырылып, осы санаттағыларды жұмыспен қамту шараларына басымдық берліген. Бұл бағытта «Жастар практикасы» бағдарламасының рөлі ерекше.  Мәселен, Шымкентте осы жылдың басынан 1500-ден астам жас мамандықтары бойынша  «Жастар практикасымен» жұмысқа жолданған.  Жыл соңына дейін жоспардағы 2650 жасқа жолдама беру көзделіп отыр. Өткен жылы аталған бағдарламаға 2500 жас қатысса, олардың 1000-нан астамы тұрақты жұмысқа орналасқан.