ШЫМКЕНТТЕ 5 МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

63
0
Шымкентте 2023 жылы 3 450 орындық 7 мектептің құрылсын жүргізу жоспарланған. Қазіргі таңда 5 нысанның құрылысы аяқталып пайдалануға тапсырылды. Ал 1-нысанның құрылысы жыл соңына дейін аяқталатын болады, қалған 1 нысанның құрылысы келесі жылға өтпелі.
Сонымен қатар 2023-2024 жылдары жалпы 33,5 млрд теңгеге 12 мектептің құрылысы жоспарланған. Қазіргі таңда, 9 мектептің құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды. Ал 3 мектептің құрылысын жыл соңына дейін бастау жоспарлануда.
Қалған 6 мектептің құрылысын 2024-2025 жылдары іске асыру жоспарда бар. Шымкентте 2023 жылы 18 инфрақұрылым нысандарының құрылысы жоспарға сәйкес жүріп жатыр. Бүгінде 12 инфрақұрылым нысандарының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Қалған 6 нысанның құрылысы келесі жылға өтпелі. Сонымен қатар Бозарық шағын аудандағы 9 нысан мен Тұран шағын ауданы 4 нысанды осы жылдың соңына дейін тапсыру көзделіп отыр. Әкімшілік іскерлік орталықтың 4 нысаны 2023 жылы тапсырылатын болса, Ақжайық шағын ауданына қарасты 1 нысанның құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Шымкенттегі «Шым сити» шағын ауданында салынып жатқан 2066 орындық Конгресс-холл сарайының құрылысы жүргізілуде. Қазіргі таңда нысанның дайындығы 90%-ға орындалды. Үшінші мегаполистің келбетін ашатын Конгресс-холл көп функциялы мәдени және ойын-сауық сарайы ретінде ашылмақ. Мұнда халықаралық конгресстерді, форумдарды, мәжілістерді, симпозиумдарды, ресми іс-шараларды және пленарлық отырыстарды өткізуге мүмкіндік мол. Айта кету керек, Шымкент қаласының құрылыс басқармасы 2023 жылы бюджет есебінен жалпы 144,9 млрд. теңгеге 160 нысанның құрылысын жүргізілуде. Осы жылы 98 тұрғын үй құрылысын аяқтау жоспарланған. Оның ішінде 9 айдың қорытындысымен 230,1 мың шаршы метрді құрайтын 3072 пәтерлі 67 тұрғын үй пайдалануға берілді. Айта кету керек, оның 61-і кредиттік, 6-ы арендалық үй. Ал 31 нысан келесі жылға өтпелі. Бүгінгі таңда Тұран шағын ауданында 1 көпқабатты тұрғын үйдің 54 пәтер құрылысы аяқталып пайдалануға тапсырылды. Сондай-ақ Бозарық шағын ауданында 54, Ақжайық сити шағын ауданында 26, Тұран шағын ауданында 18 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бұдан бөлек, нарықтан 1405 арендалық пәтер сатып алынады. Жұмыс істейтін жастарға 900, Әлеуметтік осал топтағы азаматтарға 505. Қазіргі таңда, жастарға 420, аз қамтылғандарға 363 пәтер сатып алынды. Қалған 31 тұрғын үйдің (1050 пәтер, 82,3 мың ш.м) құрылысы келесі жылға өтпелі.