А-2 АЙНАЛМА ТАС ЖОЛЫ ЖЫЛ СОҢЫНДА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

83
0
Шымкент шаһарының басшысы Мұрат Әйтенов қалада құрылысы қарқынмен жүргізіліп жатқан А-2 айналма тас жолына барып, жұмыс барысын тексерді, деп хабарлайды Uakit.kz.
Қазіргі таңда А-2 айналма жолының ІІ және IV кезеңінің құрылысы жүргізілуде. ІІ кезең – Ынтымақ ш/а Темірлан тас жолына дейінгі аралық. Жалпы ұзындығы 2,48 шқ, ені 80 метр. 4 жолақты жолдың екі жағынанда су ағатын арық, жасыл аймақ, аяқ жол, жарық шамдар қою көзделген. Жер жұмыстары аяқталуға жақын, 76%-ы орындалды.
Қазіргі уақытта мемлекет мұқтаждығына жер телімдері қайтарылуда. Сондай-ақ Барыс базарына барар жолда сақиналы жолайрықтың жол негізі жасалынып, жұмысшылар аяқжол тастарын қалауда.
IV кезең – Темірлан тас жолынан Бадам өзеніндегі көпірге дейін. Жалпы ұзындығы 1,86 шқ құрайды, ені 35,5 метр. 6 жолақты жолдың екі жағынан да су ағатын арықтар, жасыл аймақ, аяқжол салу көзделген. Құрылыс жұмыстары 55%-ға орындалды, құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда. Қала әкімі сала басшылары мен мердігер мекемеге жолдардың сапалы және құрылыс жұмыстарын мерзімінде аяқтауды тапсырды.
Бұдан бөлек, Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан жол-көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кептелістерді азайту, жалпы қаламыздағы жол жабындысы жағдайын жақсарту мақсатында шаһар аумағында 190 нысанда құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Оның ішінде: Рысқұлов-Қонаев қиылысындағы көпір құрылысы аяқталды. Бәйдібек би-Арғынбеков қиылысындағы жолайрық құрылысы, Қонаев даңғылының 1,2,3,5,6 кезеңдері, Оңтүстік, Шығыс айналма жолы, Самал-1,2,3 кезеңдері, Өтегенов көшесінің 1,2 кезеңі жол құрылыстары қарқын алған.
Ал магистралды және ішкі орам көшелері жалпы саны 167 нысан (308 көше) орташа жөндеуден өтуде. Қазіргі уақытта орташа жөндеу жұмыстары 163 нысанда (303 көше) жүргізіліп, тұрғындар игілігі үшін пайдалануға берілді. Атап атқанда магистралды Республика д, Рысқұлов, Іляев, Тәшенов, Ақназар хан, К.Цеткин, Жолан батыр, Дулати, Мангелдин, Тоқаев көшелері жөнделді.