ШЫМКЕНТТІК “ШЫМКАЙ” ЖИҺАЗЫ СҰРАНЫСҚА ИЕ

66
0
Шымкентте “Бизнестің Жол Картасы -2025” мемлекеттік бағдарламасы аясында қолдау тапқан өндіріс орынның жұмысымен шаһар басшысы танысты, деп хабарлайды Uakit.kz.
Шымкентте жиһаз өндірісі қарқынды дамып келеді. Осы салада жаңа кәсіпорындар ашылып, өндіріс ошақтарының отандық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігі артып келеді. Осы орайда, Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов “Тассай” индустриялды аймағында орналасқан “ШЫМКАЙ” кәсіпорнына ошағын аралап, жұмыс барысымен танысты. Жеке кәсіп иесі Шымкентте жиһаз шығарумен 2019 жылдан бері айналысып келеді.
«Тассай» индустриалды аймағында орналасқан цехқа 750 млн.теңге инвестиция салынған. Қазір мұнда жылына 54 000 дана соңғы заманауи үлгідегі жиһаз жасалынады. Аталмыш кәсіпорында Түркиялық заманауи қондырғылармен жабдықталған. Өнім түрлері қарағаш пен жаңғақ ағаштарынан жасалады.
“ШЫМКАЙ” серіктестігі 2019 жылы “Тассай” индустриялды аймағынан жиһаз цехын ашу үшін мемлекет 10 жылға жалға беру мерзімімен 2 гектар жер берген. Бүгінде кәсіптің тасы өрге домалап, 50 адама тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.
Қала әкімі кәсіпорын басшысы мен ұжымға мегаполис экономикасының ілгерілеуі жолында атқарып жатқан жұмыстарына алғысын білдіріп, әкімдік тарапынан да барынша қолдау танытатынын жеткізді.
Жалпы, айта кетер болсақ, соңғы жылдары өңірде үдемелі индустриалды инновациялық даму бағдарламасына аясында түрлі жобалар жүзеге асырылып жатыр. Мемлекет тарапынан да қолдау көрсетілуде. Жалпы өңірде өнеркәсіпте өндірілген өнім көлемі 666,4 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем  индексі 6,7 пайызға артты.  Өнеркәсіп өнімінің көлемі 2022 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында 666,4 млрд.теңгені немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 106,7 пайызды құрады.