ШЫМКЕНТТІК ОНКОЛОГТАР ӨЗБЕКСТАНДЫҚ МАМАНДАРМЕН ӘРІПТЕСТІК БАЙЛАНЫСТА ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

90
0
Шымкент қалалық онкологиялық орталығы мен Өзбекстан Республикалық онкологиялық ғылыми-зерттеу институты арасында меморондум түзілді, деп хабарлайды Uakit.kz.
Көрші ел делегациясын Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асылбеков Нұрлыбек қабылдап, қос тараптың емдеу және тәжірибе алмасу бағытындағы жұмыстарын талқылады.
Делегация өкілдері жуырда ашылған ядролық медициналық кластер жұмысымен де танысып, медицина мамандары онкологиялық орталықтың жұмысына жоғары баға берді. Оның құрамында жоғары сәулелі сызықтық үдеткішті және Позитрон-эмиссиондық томография (ПЭТ) КТ құралдары бар.
Өзбекстан Республикалық онкологиялық және радиологиялық орталығының бөлім меңгерушісі Баходир Пирназаров: «Шымкент қаласы онкологиялық орталығы дәрігерлерінің профилактикалық жұмыстарды жүйелеуде ғана емес, күрделі оталарды іске асыруда да тәжірибесі мол екеніне көз жеткіздік. Бұл ретте шымкенттік әріптестерден үйренеріміз мол. Бүгінгі мемарандум өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта біздің мамандар мен жергілікті дәрігерлер күрделі оталарды бірлесе жасап, онкологиялық ауруларды емдеудегі заманауи әдістерді бірге меңгеретін болады» — деді.
Жалпы орталық 210 төсек орынға лайықталған. Оның 160-ы ауруханалық, 10-ы онкогематологиялық, 20-сы паллиативтік және 20 орын күндізгі бөлім емделушілеріне арналған. Орталық құрамында 150 келушіге арналған емхана бар. Шымкент қалалық онкологиялық орталығында тек жергілікті науқастарға ғана емес, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстарының тұрғындарына да қызмет көрсетіледі.
Ынтымақтастық аясында екі ел арасындағы медицина туризмді жандандыру туралы да сөз қозғалды. Бұл ретте жаңа орталық шаһарда туризмді дамытуға жол ашпақ.