Д. ҚОНАЕВ ДАҢҒЫЛЫНЫҢ V КЕЗЕҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Д. Қонаев даңғылының V кезең құрылысымен танысып, жұмыс барысын тексерді, деп хабарлайды Uakit.kz.
Шымкенттегі Д.Қонаев даңғылының V кезеңіндегі құрылыс жұмыстары Бадам өзенінен бастап Д.Қонаев даңғылы жалғасының VІ кезеңіне дейінгі аралық.
Құрылыс жобасы бойынша Д.Қонаев даңғылы V кезеңінің ұзындығы 4,7 шақырым, жолдың ені 42 метрді құрайды. Жолдағы салынып жатқан аяқжолдың ені 3 метр, 6 қозғалыс жолағы бар.
V кезеңнің жұмыс шеңберінде жол негізін әзірлеу, тас төсеу, суағарларды орнату, су өткізгіш құбырын орнату жұмыстары толығымен аяқталды. Қазіргі таңда жол негізін әзірлеп, әзірленген жерге асфальт жабындысы төселуде.
Құрылыстың орындалу сапасын бақылаған шаһар басшысы жауапты мердігер мекемеге нысанның жоспарлы мерзімінен кешіктірмей біту қажеттігін қадап айтты.
Бұдан бөлек, шаһар басшысы Мұрат Әйтенов қалада құрылысы қарқынмен жүргізіліп жатқан А-2 айналма тас жолына барып, жұмыс барысын тексерген болатын. Қазіргі таңда А-2 айналма жолының ІІ және IV кезеңінің құрылысы жүргізілуде. ІІ кезең – Ынтымақ ш/а Темірлан тас жолына дейінгі аралық. Жалпы ұзындығы 2,48 шқ, ені 80 метр. 4 жолақты жолдың екі жағынанда су ағатын арық, жасыл аймақ, аяқ жол, жарық шамдар қою көзделген. Жер жұмыстары аяқталуға жақын, 76%-ы орындалды.
Қазіргі уақытта мемлекет мұқтаждығына жер телімдері қайтарылуда. Сондай-ақ Барыс базарына барар жолда сақиналы жолайрықтың жол негізі жасалынып, жұмысшылар аяқжол тастарын қалауда. IV кезең – Темірлан тас жолынан Бадам өзеніндегі көпірге дейін. Жалпы ұзындығы 1,86 шқ құрайды, ені 35,5 метр. 6 жолақты жолдың екі жағынан да су ағатын арықтар, жасыл аймақ, аяқжол салу көзделген. Құрылыс жұмыстары 55%-ға орындалды, құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда. Қала әкімі сала басшылары мен мердігер мекемеге жолдардың сапалы және құрылыс жұмыстарын мерзімінде аяқтауды тапсырды.