ДОСТЫҚҚА 47 ШАҚЫРЫМНАН АСТАМ ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІ ТАРТЫЛДЫ

106
0
Шымкенттегі Қаратау ауданына қарасты Достық мөлтек ауданын сапалы электр қуатымен қамту құрылысы жұмыстары биыл жаз айларында басталған болатын, деп хабарлайды Uakit.kz.
Осы кезге дейін мөлтек ауданда 1206 электр бағанасы мен трансформатор орнатылып, 47 шақырымнан астам электр желісі тартылды. Одан бөлек тұрғындардың сұранысы бойынша жобада қарастырылмаған көшелерге де қосымша әр 3 үйдің тұсынан электр бағаналары орнатылуда. Қазіргі уақытта құрылысы аяқталған аумақтардағы тұрғын үйлерді мемлекеттік желіге қосу жұмысы жүргізілуде. Бүгінде 365 үй сапалы электр қуатын тұтынып отыр.
Жалпы Достық мөлтек ауданын сапалы электр қуатымен қамту құрылысы желтоқсанның 10-на дейін толық аяқталады.
Айта кететін жайт, мердігер мекеме электр желісін тұрғындар есігінің алдына дейін жеткізіп бері. Оны ары қарай үйге қосып, жалғап алу әр тұрғынның өз есебінен жүргізіледі.
Қазіргі уақытта «ОңтүстікЖарықТранзит» пен «Энергопоток» мекемелері абоненттеу жұмыстарын жалғастыруда. Жұмыс толықтай аяқталғанда, Достықтағы 2686 үй сапалы электр қуатымен қамтылатын болады. Сонда тариф құны да арзандайды. Тұрғындар бүгінгі күнге дейін электр қуатын тұтынғаны үшін 25-30 теңге аралығында төлем жасап келсе, бұдан былай 17,9 теңге төлейтін болады.
Бұдан бөлек, Абай аудан аумағы бойынша 34 елді мекеннің 31 елді мекені (96%) мемлекеттік электр жарығымен қамтылып отыр. Қалған 3 елді мекен (4%)  жеке меншік транформаторларды пайдаланды. 2021 жылы 5 елді мекенді (Ынтымақ-2, Айкөл, Игілік, Тәуелсіздікке 20 жыл, Ақжар) электр жарығымен қамту үшін жалпы 7,2 млрд. теңгеге жоба жасылып, ағымдағы жылы 5,2 млрд теңге бөлінген. 2022 жылы 3 елді мекеннің (Нұршуақ, Батыс, Жаңаталап) құрылыс аяқталып, сапалы электр жарығымен қамтылып, аудан аумағы 100 пайыз электр жарығымен қамтылатын болады.