МӘМС ЖҮЙЕСІ: НЕ ӨЗГЕРІС БАР?

89
0

2022 жылдың қыркүйегінен бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды сақтандыру тәртібі өзгерді. Бұдан былай аталған санаттағы тұрғындар алдағы 12 айға жарна төлеп сақтандыру жүйесіне қосылуға мүмкіндік алды.

Мәселен, пациент МӘМС пакетіндегі қызметтерді пайдалану үшін өткен жылдың берешегін өтемей, 2022 жылдың қыркүйек айынан бастап 2023 жылдың қыркүйегіне дейін жарна аудара алады. Статус 3 күннен кейін беріледі, себебі екінші деңгейлі банктер төлемдерді 3 күн өңдейді. Бұрынғы тәртіп бойынша сақтандыру статусына ие болу үшін өткен 12 айдың қарызын өтеу қажет болатын. Жаңа механизм 5-қыркүйектен бастап толыққанды іске қосылды. Сарапшылар болжамынша, бұл әдіс сақтандырылмаған азаматтардың шамамен 30 процентін сақтандырумен қамтуға мүмкіндік береді». Бұл туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталығында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Сәбит Құралбек және «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» Шымкент қаласы бойынша филиалы директорының орынбасары А.Избасарованың қатысуымен Медициналық көмекті қаржыландыру және МӘМС жүйесін жетілдіру жоспарлары бойынша өткен баспасөз жиынында мәлім болды. Сақтандырылған азамат медициналық қызметті керегінше пайдалана алады. Мәселен, өз бетінше сақтандырылатын азаматтар бір жылда 36 мың теңге төлейді. Бірақ көрсетілетін қызмет саны мен көлемі бұл қаражатпен шектелмейді. Шымкент қаласы бойынша халық саны 1 127 604, онын ішінде сақтандырлғандар 899 837 (79,8%), сақтандырылмаған азаматтар 227 767 (20,2%), оның ішінде жұмысшылар 43 043 (үзілді-кесілді төлеушілер), азаматтық құқықтық келісім шарт бойынша жұмыс жасаған тұлғалар 6 481, жеке кәсіпкерлер тіркелгендер 5 974, бірыңғай жиынтық төлемдерін жүргізген (әрі-қарай БЖТ) 2 925, дербес төлеуші болған 5 193, басқалар 263, соңғы 12 айда МӘМС-ға төлемдер түспеген тұлғалар 163 886. Сонымен қатар халық саны 9 айыдың ішінде 1 111 620-нан 1 127 604-ке көбейген.