ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІ ҮЗДІКСІЗ БАҚЫЛАНЫП ОТЫРАДЫ
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына қарасты «Диспетчерлік қызмет орталығы» қала аумағындағы қоғамдық көліктерге диспетчерлік қызмет көрсетеді, деп хабарлайды Uakit.kz.
Аталмыш қызметтің көмегімен кестені сақталуын үздіксіз бақылауды және маршруттар бойынша автобустардың қала маңындағы үздіксіз және тұрақты қозғалысын қамтамасыз ету үшін жедел реттеуді, сондай-ақ технологиялық процестегі көліктің барлық түрлерімен жолаушылар тасымалдауды үйлестіреді.
Мекеменің қалалық қоғамдық көліктерін GPS арқылы үздіксіз мониторинг жұмыстарын жүзеге асырудың нәтижесінде жүргізушілер тарапынан бұзушылықтар немесе әдеттен тыс жағдай болу фактілері анықталып, жедел түрде тиісті шаралар қолданылып отырады. Бұл дегеніміз қоғамдық көлік қызметі саласының едәуір жақсаруына септігін тигізіп келеді.
Сондай-ақ, мекеме қала орталығына шет аймақтарда орналасқан шағын аудандар мен тұрғын алаптардың тұрғындарын тасымалдауды оңтайландыру мақсатында құрылатын жаңа маршруттарды қалыптастыру және бұл маршруттық желіні паспорттау бойынша тиісті жұмыстарды атқарады. Бұл шаралар қаланың шет маңындағы мекендерде орналасқан халықтың орталыққа ыңғайлы түрде келіп-жетуіне көп ықпалын тигізеді.
Бұдан бөлек, Шымкентте қоғамдық көлік саласының қызметіне қатысты тұрғындар тарапынан өтініштер жиі түседі. Келіп түскен өтініштер өз кезегінде, мамандармен зерделеніп, тасымалдаушы компаниялармен бірлескен түрде тиісті жұмыстар күнделікті атқарылады.
Сондай өтініштердің бірі – Достық ш/а тұрғындары тарапынан №20 бағыттағы қоғамдық көлігіне қатысты еді. Нәтижесінде №20 автобус маршруты Достық шағын ауданы Алтын өлке- Мұзтау көшелерінің қиылысына дейін ұзартылды. Бұрын аталған маршрут Қайтпас-2 шағын ауданы Сырым батыр көшесінен кері бұрылатын.
Айта кетейік, №20 бағыттағы қоғамдық көлігі «Қорғасын зауыты– Дариға апа» аялдамасы аралығында жұмыс күндері 10 бірлік, демалыс күндері 6 бірлікпен аралық интервалы 15-20 минуттан жолаушыларды тасымалдайды.
Қазіргі таңда, жолаушылар көлігін дамытудың кешенді жоспары аясында, қаладағы барлық қоғамдық көлік бағыттарының қозғалыс жолдары оңтайландырылған. 78 бағытта жолаушыларды тасымалдайтын 870-тен астам автобус маршруттары қала аумағындағы, сонымен қатар шет аймақтарда орналасқан барлық шағын аудандарды 100% қамтиды.