ШЫМКЕНТТЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАТЫН ІРІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР
Шымкент әкімі М.Әйтенов қалада жүзеге асыралатын ірі инвестициялық жобаларды атады, деп хабарлайды Uakit.kz.
Шымкент қаласында 4 жыл інінде өнеркәсіп өнімінің көлемі 60 пайызға, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 30 пайызға, қала бюджеті 4 есеге өскен. 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша қала экономикасына 327,9 млрд. теңге тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 20 пайызға артқан.
Сонымен қатар, 2022-2026 жылдар жалпы құны 2,6 трлн. теңгені құрайтын 20 мыңнан аса жаңа жұмыс орнымен 283 инвестициялық жобаның пулы жасақталған. Оның ішінде 2022 жылы 173,1 млрд. теңгеге 50 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Бүгінде жүзеге асыралатын ірі инвестициялық жобаларды бірі «KAZALPACK» компаниясы. Биыл өндіріс өрны құны 23,4 млрд. теңгені құрайтын алюмин банкілерінің өндірісі жобасын іске қосып, 150 жаңа жұмыс орны құрылды. Қосымша 2023-2025 жылдары алюмин тақталары мен листтер өндірісі жобасы іске асырады. Инвестиция көлемі 40 млрд. теңге, 350 жаңа жұмыс орны құрылады.
«Karlskrona» компаниясы құны 26 млрд. теңгені құрайтын гидравликалық насостар өндірісі жобасын жүзеге асырады. Онда 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Өзбекстандық инвестордың қатысуымен «Orient Ceramic» компаниясы құны 13 млрд. теңгеге керамикалық тақталар өндірісі жобасын жүзеге асыруды жоспарлауда. 300-ден астам жаңа жұмыс орындары құрылады.
1 000 орындық көпфункционалды университеттік клиника мен заманауи емхана жобасын іске асыру жоспарланып отыр. Инвестиция көлемі 120 млрд.теңге, 3 мыңға жуық жұмыс орны. Қазіргі таңда жобалау жұмыстары аяқталып, сараптамадан өтуде. «Asia Trafo» компаниясының құны 7 млрд. теңгені құрайтын трансформатор өндірісі. Жоба аясында Орталық Азияда теңдесі жоқ жоғары кернеулі реакторлар шығарылады.