ШЫМКЕНТКЕ КЕЛУШІ ТУРИСТЕРГЕ БАРЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАР ЖАСАЛУДА

95
0

Үшінші мегаполисте туристерге қолайлы жағдай жасап, туризмінің инфрақұрылымын жетілідіруде. Бүгінде Шымкент қаласының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы 4 негізгі бағытта жұмыс жүргізіп отыр. Атап айтқанда, туристік инфрақұрылымды дамыту, маркетингтік ілгерілету, креативті индустриясы және де сыртқы байланыстарды нығайту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Бұл ретте, туристік орындардың инфрақұрылымын жетілдіру мақсатында Қаратау ауданы әкімдігімен бірлесе Сайрам тұрғын алабында орналасқан «Ибрагим ата» және «Қарашаш ана» кесенелерінің аумағын абаттандырудың эскиздік жобасы әзірленді. Жобаға сәйкес, кесенелердің аумағында туристерге қолайлы жағдай жасау, атап айтқанда кіре беріс, көлік тұрағы мен дәрет алу орындарын ретке келтіру, жан-жағын көгалдандыру, бастырмасы бар орындықтар қою қарастырылған. Сонымен қатар, Шымкент қаласы Сайрам тұрғын алабындағы туристік ақпараттық қолжетімділікті арттыру мақсатында 4 – дана туристік табло-стенд орналастырылады. Стенд – табло тұрғын алабтағы барлық тарихи-мәдени және сакралды нысандарға жол сілтейтін құралы болмақ. Сондай-ақ, «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ-мен бірлесе Қазақстан бойынша «NeoNomad 2022» гранд-турлары әзірленген. Аталған гранд-турға Шымкент қаласынан «Shym qala» тарихи-мәдени кешені енгізілді. Бүгінде гранд-турдың арнайы фоторамкасы әзірленді. Кешен аумағында республика бойынша бір дизайндағы арнайы фотоспот орналастырылды. Аталған жобаның-акцияның басты мақсаты: Қазақстан Республикасы ішінде туристер келуге ұсынылатын орындардың тізімін қалыптастыру болып табылады. Айта кетейік, биылғы жылдың 6 айлық қорытындысы бойынша, қалаға келген туристер саны 216 249 адамды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31,7%-ға артты, оның ішінде 200 549 адам ішкі туристер болса, 15 700 адам шет ел азаматтары болып табылады.