ТАЛАП ЕРЕЖЕСІНЕ САЙ ЖҰМЫС ІСТЕУ ЕСКЕРТІЛДІ
Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы жыл бойына 200-ден аса кәсіпкерлік нысандарда өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуы бойынша түсіндірулер жүргізеді. Анықталған кемшіліктерді реттеуді мекеме әкімшілігіне ескертеді. Қазіргі таңда басқарма қызметкерлері моншаларда өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуы бойынша үгіт-насихат жұмыстарының бел ортасында жүр.
Өз кезегінде Төтенше жағдайлар басқармасы инспекторлары қаладағы С. Ерубаев көшесінің бойында орналасқан «Жетісу», «Түркістан», «Рахат» моншаларындағы өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын тескеріп, нысан иелеріне анықталған кемшіліктер бойынша тиісті жұмыстарды атқаруды ескертті.
Сала мамандары төмендегідей өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын тапсырды.
– Моншаны жобалау және салу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарына аса мән берген жөн. Яғни моншаның пешін салу және пайдалану ерекшелікерін ескеру қажет.
– Моншаның ағаш яғни жанғыш конструкциялары пештің және түтін шығару жолдарының қызған тұстарынан елеулі арақашықтықта болуын қадағалаңыз. Осы аралықты жабу үшін арнайы асбест және тағы басқа материалдарды пайдаланған жөн.
– Металл пештерді екі қатар кірпіштен құралған негіздің үстіне орнату қажет. Кірпіштің астына балшықпен көмкерілген киіз орналастыру керек.
– Пештің алдындағы еденді құлаған шоқтан қорғау үшін есіктің алдында металл қорғаныш ·Пештің есігі мен қарама қарсы қабырғаның ара-қашықтығы кем дегенде 150 см болуы шарт. Есіктің маңындағы қабырғаны штукатуркамен сылап, болат материалмен қаптау қажет.
– Пештер мен түтін жолдарын үнемі қадағалап, пайда болған тесіктерді сылап отыру қажет. Түтін жолдары мен мұржаларын жиналған ыстан тазартып отыру қажет.
Түсіндіру жұмыстары кезінде монша әкімшілігін өрт кезінде 101 немесе 112 телефон нөміріне қоғырау шалып, құтқарушыларды шақыруды ескертті.
Айта кетейік Түркістан қаласында 30-дан аса монша бар.