ШЫМКЕНТТЕ ҚОЛДАНЫСҚА БЕРЕТІН ПӘТЕРЛЕРДІҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТУДА

270
0

Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй алу тізімінде 49 769 азамат тіркелген, деп хабарлайды Uakit.kz.
Ағымдағы жылдың 9 айда 507,1 мың шаршы метр  тұрғын үй пайдалануға беріліп, 27,5 пайызға артты. Жылдың қорытындысымен 1605 пәтерге азаматтарды қоныстандыру жоспарланған.  Оның ішінде 530 пәтер (211 жұмысшы жастар, 176 көпбалалы отбасылар, 31 жетім балалар, 112 әлсіз топтар) пайдалануға берілді. Бүгінгі таңда, «Жұмыс істеп жүрген жастар» бағдарламасы бойынша 286 пәтерге құжаттар қабылданды.
Халықтың әлеуметтік әлсіз тобы мен көпбалалы отбасыларды қолдау мақсатында «2-10-20 Бақытты отбасы» бағдарламасымен «Отбасы банкі» арқылы 365 отбасы (көпбалалы отбасылар – 175, мүгедек бала асыраушы отбасылар – 160, толық емес отбасылар – 30) несие негізінде тұрғын жаймен қамтылып, оның ішінде 3 отбасыға жергілікті бюджет есебінен алғашқы жарнасының бір бөлігін жабуға тұрғын үй сертификаттарымен көмек берілді.
«Шаңырақ» жеңілдетілген несиелік бағдарламасы бойынша 628 отбасы баспанамен қамтамасыз етіліп, оның ішінде 46 отбасыға жергілікті бюджет есебінен алғашқы жарнасының бір бөлігін жабуға тұрғын үй сертификаттарымен көмек берілді. Одан басқа, 2022 жылы «Отбасы банк» арқылы «5-20-25» бағыты бойынша 405 азамат кредиттік тұрғын үймен қамтылды.
Тұрғын үй қорын сақтау және пайдалану және тұрғын үйдің қасбетін күтіп ұстау бағытында 2022 жылы Шымкент қаласында 47 үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу қарастырылған. Есепті кезеңге 18 көпқабатты тұрғын үй ағымдағы жөндеуден өткізілді. Бүгінгі таңға  23 тұрғын үйге ағымдағы жөндеу және 5 тұрғын үйге  күрделі жөндеу жұмыстары  жүргізілуде.
Айта кету керек, 2021 жылы Шымкентте 1 млн шаршы метрден астам тұрғын жай ел игілігіне берілді. Ал биыл бұл межені 4,7 пайызға арттырып, пайдалануға берілетін баспана көлемін 1 млн 60 мың шаршы метрге жеткізу көзделуде.