ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА КӨТЕРІЛГЕН 125 МӘСЕЛЕНІҢ 67,2% ОҢ ШЕШІМІН ТАПТЫ

88
0

Шым шаһар басшысы Қаратау ауданы тұрғындарымен кездесіп, бірқатар мәселенің түйінін тарқатты.

Кездесу барысында әлеуметтік және экономикалық маңызы бар 125 сұрақ көтеріліп, олардың шешім жолдары талқыланды. Қала әкімі ауданға қатысты көтерілген мәселелердің осы сәтте 84-і нақты шешімін тапқанын, 6-сы жыл соңына дейін, ал 35 мәселе 2023 жылы 100% шешілетін жан-жақты түсіндіріп өтті. Шаһар басшысы қоғам талқысына түскен әрбір сұрақтың жауапсыз қалмайтынын, көтерілген мәселелерді заң аясында саралап, жауапты мамандармен зерделенетінін жеткізді.

-Сіздер көтерген әрбір мәселенің 67,2% пайызы оң шешімін тапты, алдағы уақытта да өздеріңізбен бірлесе жұмыс істейтін боламыз”,-деді ол. Кездесуге аудан тұрғындарымен бірге, басқарма басшылары мен құқық қорғау органдары өкілдері қатысып, сауалдарға жауап берді.