КӘСІПОРЫНДАРДА ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАТАҢ САҚТАУ БАҒЫТЫНДА ЖҰМЫС ЖҮРГІЗІЛУДЕ

117
0
Зиянды және қауіпті деп саналатын 991 кәсіпорында еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орындарына аттестаттау жүргізілді, 114 кәсіпорында еңбекті қорғау бойынша халықаралық және ұлттық стандарттар енгізілді және 1452 кәсіпорында өндірістік кеңес жұмыс істеуде.
2019 жылы 17 маусымда Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығы және Қазақстанның атқарушы органдары арасында «Vision Zero — Нөлдік жарақат» тұжырымдамасын ілгерілету бойынша өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум жасалған. Атқарылған іс-шаралар нәтижесінде тұжырымдамаға қаламыздағы 70 кәсіпорын қосылды.
Өңіріміздегі 4 кәсіпорынның қызметі декларацияланып, «Сенім сертификаты» тапсырылған.
Қала бойынша 24 296 заңды тұлға тіркелген болса, оның 3 848 белсенді жұмыс атқаруда. Белсенді жұмыс атқаратын заңды тұлғаларға шаққанда түзілген ұжымдық шарттың деңгейі 44,33 %-ды құрап отыр.