ҮКІМЕТ ОТЫРЫСЫНДА МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ТАПСЫРМАЛАРЫН ІСКЕ АСЫРУ ШАРАЛАРЫ ҚАРАЛДЫ

95
0
Үкімет отырысында Мемлекет басшысының Мемлекет басшысының VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуы барысында берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шаралар қаралды. Отырыста бірқатар ведомство басшылары өз бағыттары бойынша жұмыс жоспарларын баяндады.
🔹Премьер-Министр Әлихан Смайылов Үкімет жұмысының негізгі басымдықтары елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы және халықтың өмір сүру сапасын арттыру екендігін атап өтті.
🔹Сондай-ақ Ұлттық экономика, Ауыл шаруашылығы және Сауда министрліктеріне қазіргі сын-қатерлерді ескере отырып, инфляция деңгейін төмендету жөніндегі шаралардың тиімділігін арттыруды тапсырды.
🔹Сонымен қатар азаматтардың талап-тілектері мен өтініштеріне дер кезінде жауап беру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізу қажеттігін ескертті.