ЖОЛДЫҢ САПАСЫН АРТТЫРУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛІП ОТЫР
Шымкент қаласының аумағына кіретін жолдардың жалпы ұзындығы 3247,6 шақырымды құрайды. Оның ішінде, қаланың магистралды және ішкі орам көшелерінің 2066,1 шақырымы асфальт жол. Бұл жолдардың асфальт үлесімен 63,6% пайызды құрайды.
Ал қала меншігіндегі 1024 шақырым жол, яғни 31,5% пайызы шағал тас төселген көшелер. 2022 жылдың қорытындысымен қала аумағындағы жолдар мен елді мекендердің көшелеріне жол құрылыс жұмыстар 287,8 шақырымға жүргізілді. Ал, 2023 жылы 256,8 шақырым жолға құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Ал, жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайы 2022 жылы 67,4% пайызды құрады. Ал 2023 жылы 71,2% пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Қаланың магистралды көшелері мен ішкі орам көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары 256,3 шақырымды құрайтын 152 нысанда немесе 294 көшеге жүргізіліп, пайдалануға берілді. Ал, 2023 жылы орташа жөндеу жұмыстарын 201,7 шақырымды құрайтын 253 көшеге жүргізу жоспарлануда.
Шымкент қаласында биыл 9 нысанда жол құрылысы мен қайта құру жұмыстары жүргізіліп, жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Олардың көпшілігі қаладағы кептеліс мәселесін шешуге елеулі ықпал ететін ірі нысандар. Сонымен қатар жалпы ұзындығы 201.7 шақырымды құрайтын 253 көше орташа жөндеуден өтеді. Жол құрылысы және қайта құру жұмыстары жүргізіліп, 2023 жылдың соңына дейін пайдалануға берілетін нысандардың қатарында Д.Қонаев даңғылы жалғасының 3-ші кезеңі, А-2 айналма жолының 2-ші, 4-ші кезеңдері, Өтегенов көшесінің жалғасы және Ж.Адырбеков көшесін қайта құру жұмыстары бар. Мұнан бөлек биыл Бәйдібек би – Арғынбеков көшелерінің қиылысында салынып жатқан жолайрықтың 1-ші кезеңінің құрылысы аяқталады. Сонымен қатар шығыс айналма жолының бірінші кезеңі пайдалануға беріліп, Темірлан тас жолының бойында жаяу жүргіншілерге арналған өткел салынады.