ЗАҢСЫЗ КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАРҒА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Шымкент қаласының аудан аумақтарында заңсыз орналасқан кәсіпкерлік нысандарды ретке келтіру, сондай-ақ кәсіп иелеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында арнайы жұмыс тобы құрылған болатын. Осыған байланысты Абай ауданы А-2 тас жолының бойындағы заңсыз сауда нысандарына кезекті мониторинг жұмысы ұйымдастырылды.
Зерделеу жұмыстары барысында Абай ауданына қарасты аталған көше бойында нысаналы мақсатын дұрыс пайдаланбай, ретсіздікке жол берген 67 кәсіпкерлік орны анықталды. Бұл көше стратегиялық маңызы бар аумақ. Іс-шараны ұйымдастырудағы мақсат — қаланың көркін бұзған заңсыз сауда нысандарының иелеріне ақпараттық, түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Жалпы өткен жылы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыру үшін тиісті лицензияларды алу мақсатында жеке және заңды тұлғалардан жыл басынан жалпы саны 436 өтініш түскен. Бекітілген бірыңғай біліктілік талаптарын қарау нәтижесінде, 130 лицензия берілді, оның ішінде жаңадан 40 лицензия берілді және 90 лицензия қайта рәсімделді. Бас тартылғандардың саны және 188 өтініш кері қайтарылған. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі салаларында сарапшылық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзегі асыратын сарапшылардың аттестатын алу мақсатында жалпы саны 188 өтініш түскен. Берілген аттестаттардың саны 44 және бас тартылғандардың саны 144 өтініш. Сарапшыларды аттестаттау «E-Qurylys» ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырылады. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында заңбұзушылыққа жол берген жеке және заңды тұлғаларға тиісті әкімшілік шаралар қолданылған, атап айтқанда, сарапшылардың 11 аттестаты және 4 лицензиялардың қызметі уақытша тоқтатылған. Айта кетейік, былтыр қала аумағында заңсыз құрылыстарды анықтау және алдын алу жұмыстары жүргізу бойынша жалпы қала аумағында 983 құрылыс объектілерінің құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде, 794 құрылыс объектілерінің құрылыс процесіне қойылатын негізгі талаптары орындаса, 189 құрылыс объектілерінің құрылыс процесіне қойылатын негізгі талаптары орындалмаған.