ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДІҢ 90% ПАЙЫЗЫ ЖАҢАРТЫЛҒАН

61
0
Шымкент қаласында жалпы 10 автопарк қызмет көрсетеді, онда 1000-ға жуық автобус тіркелген. Қоғамдық көліктердің 90% пайызы жаңартылған. Бұл дегеніміз Шымкент қаласы елімізде қоғамдық көліктердің жаңалануы мен сапасы жағынан алдыңғы қатарда деген сөз.
Қазіргі таңда, әлеуметтік мәні бар маршруттардың тізімімен 75 маршрут айқындалған. Аталған бағыттағы автобус маршруттары субсидиялар есебі арқылы қала аумағын, сонымен қатар шет аймақтарда орналасқан барлық шағын аудандар мен тұрғын алабтарды қоғамдық көлікпен қамтиды. Қалалық тұрақты маршруттарда 600-ден астам автобус жанар-жағар май ретінде экологиялық таза газ-метанды пайдаланады. Аталған автобустарды газ отынымен қамтамасыз ету үшін 2 газ станциясы қызмет көрсетуде, ал үшінші станциясының құрылысы қарқынды жүргізілуде. Бұдан бөлек, онлайн режимінде қоғамдық көлік қозғалысы туралы халықтың хабардарлығын арттыруға мүмкіндік беретін «I-Kolik» мобильді қосымшасы кең қолданыста. Қазіргі таңда, мобильдік қосымшаны пайдаланушылар саны 200 мыңнан асты. Айта кетейік, 2021 жылы Шымкент қаласындағы қоғамдық көліктерге енгізілген «Төлем» электрондық билеттендіру жолаушылардың жол ақысын төлеу жүйесін едәуір оңтайландырды. Қазіргі таңда, сатылған көлік карталарының саны 700 мыңнан асады, ал күнделікті транзакциялар саны 330 мыңды құрап отыр. Бұдан бөлек, магистралды көшелері мен ішкі орам көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары 2023 жылы 236,3 шақырымды құрайтын 297 көшеге жүргізу жоспарлануда. Оның 24 көшесі көлік ағыны жоғары әрі, қоғамдық көлік қатынайтын орталық магистрал көшелер. Жол инфрақұрылымын дамыту мақсатында 2021-2025 жылдарға іс-шара жоспары бекітілген. Іс-шараға сәйкес магистралды көшелерге сонымен қатар, елді мекендердің ішкі орам көшелеріне басымдылық берілуде.