33 ЕЛДІ МЕКЕН САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛҒАН

86
0

Ауыз су мәселесі – тұрғындар жиі көтеретін түйткілдердің бірі. Күні бүгінде елімізде ауыз су мәселесі толығымен шешімін тапқан жоқ. Күрделі мәселеге айналып отырған өңірлер де көп. Десе де қолға алынған жұмыстардың арқасында аталған мәселені шешу мақсатынада қыруар іс қолға алынған. Мәселен, Шымкент қаласына қарасты Абай ауданында биылдың өзінде бірнеше ауданға сапалы ауыз су берілді. Осы тұста ауданда атқарылған жұмыстар жайын тарқата жазайық…

Аудан аумағы бойынша 34 елді мекеннің 33-і сапалы ауыз сумен қамтылып, жалпы қамтылу көрсеткіші 97 пайызды құрап отыр.  2020 жылы ауыз суға 1,9 млрд теңгеге 9 жоба (Қызылжар, Игілік, Жаңаталап, Нұршуақ, Батыс, Тәуелсіздікке 20 жыл, Ынтымақ-2, Ақтас-2) жүзеге асқан болатын. 2021 жылы 6,9 млрд. теңге аталған салаға қаралып, 9 елді мекенге ауыз су берілді. Нәтижесінде Қызылжар, Игілік, Жаңаталап, Нұршуақ, Батыс, Тәуелсіздікке 20 жыл, Ынтымақ-2, Ақтас-2 шағынаудандары мен елді мекендері бүгінде ауыз судан таршылық көріп отырған жоқ. Ал 2022 жылы 5,2 млрд. теңгеге 1 жоба (Құрсай,Арғымақ) құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстар 2022 жылдың соңында аяқталып, елді мекен сапалы ауыз сумен қамтылатын болады. Оның ішінде атап өтетін мәселе Көмешбұлақ су көзінен Қ.Төлеметов көшесіне дейінгі магистралдық су құбырының (жоба құны — 7,1 млрд. теңге) құрылыс жұмыстары аяқталып, 9 елді мекендерге сапалы ауыз сумен толық қамтылуда. Аталған түйткіл Еңбекші ауданында да жемісті жүзеге асып келеді. Қазіргі уақытта қалаға қосылған 6 елді мекеннің жаңақұрылыс аймақтарын ауыз сумен қамту бойынша құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме «Сарыағаш-Аман» ЖШС-і жүргізеді. Қазіргі таңда Қарабастау тұрғын алабының жаңақұрылыс аймағында құрылыс жұмыстары басталды. Құрылыс 2023 жылға өтпелі. Жоба құны –1,7 млрд теңге. Бадам тұрғын алабының жаңақұрылысында — 340 учаскеге, Оңтүстік-Жаңақұрылыста — 989 учаскеге жобалау сметалық құжат 2023 жылы әзірленеді. Жаз мезгілінде ауыз судын шамадан тыс шаруашылық мақсатта пайдалануына байланысты Елтай, Тоғыс, Айнатас, Базарқақпа елді-мекендерінде ауыз су тапшылығы орын алды. Аталған елді-мекендерде ауыз су тапшылығын болдырмау мақсатында Базарқақпа және Тоғыс тұрғын алаптарынан қосымша ұңғыма қазу жұмыстарын мердігер мекеме «Сарыағаш-Аман» ЖШС-і жүргізуде. Жұмыс аяқталса, өңірдегі ауыз суға қатысты түйткілдер толығымен шешілмек.