АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛДЫҢ 1 ҚАҢТАРЫНАН БАСТАП ЕЛІМІЗДІҢ БАРЛЫҚ АЗАМАТТАРЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТҚА ЖҮГІНЕ АЛАДЫ
Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде Конституциялық сот өз қызметін бастады. Мемлекет басшысының бастамасымен енді еліміздің барлық азаматтары Конституциялық сотқа жүгіне алады. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығы алаңында өткен баспасөз брифингінде ҚР Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков айтты.
Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл институты, оның ішінде еліміздің барлық өңірлерінде оның өкілдіктерін құру жолымен айтарлықтай күшейтілді. Бұл азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау институтын жоғары деңгейге көтереді. Сонымен қатар, сайлау жүйесіндегі өзгерістерге тоқталар болсақ, реформа азаматтарға өзін-өзі ұсыну арқылы бір мандатты округтер бойынша сайлауға мүмкіндік береді. Жалпы атқарушылық іс жүргізу – Шымкент қаласы бойынша ғана емес, бүкіл ел бойынша ең ауыр мәселелердің бірі. Бүгінде Шымкент қаласы бойынша 9 мемлекеттік және 144 жеке сот орындаушылары қызмет атқарады. Бүгінгі күнге дейін олардың орындауында 354 мың атқарушылық іс жүргізу, оның 61 мыңы толық орындалды.
Көрсетілген санның едәуір бөлігін алимент өндіріп алу жөніндегі құжаттар құрайды. Шымкент қаласы бойынша, мұндай істің саны 13 мыңнан астам.
Бұл жерде алимент өндіріп алу бір реттік атқарушылық іс жүргізу емес екенін атап өткен жөн. Ол, бала кәмелетке жасына толғанға дейін бірнеше жылға созылады. Әрине, кейде шешімін таппайтын мәселелер де бар. Әділет министрлігінің 119 нөмірі бойынша тәулік бойғы құқықтық ақпараттық қызметі жұмыс істейді, ол халыққа барлық құқықтық мәселелер бойынша тегін кеңес береді. Әділет министрлігінің сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда құқықтық түсіндірме ақпарат орналастырылады.