13 КӨШЕ АСФАЛЬТТАЛАДЫ

90
0
Шымкент қалалық Абай ауданына қарасты Самал-3 шағын ауданында бүгінде 27 мыңнан аса халық тұрады. Шағын аудан аумағында 6 801 жеке секторлы үй, 2 мектеп, 3 балабақша және 3 спорт алаңшасы орналасқан.
Самал-3 шағын ауданында 63 көшенің қазір 30-ы асфальтталған, 30-ына шағал тас төселген болса, үшеуі топырақ жол. Айта кетейік, 2025 жылға қарай шағын аудандағы асфальт төселген көшелер санын 100 пайызға жеткізу көзделуде. Мәселен, өткен 2022 жылы Б.Момышұлы көшесінің жалғасы 1,2,3,4, Құрманғазы, Қайсенов, Өскенбай, Ерубаев, Аманжолов, Баршын көшелері жөнделген. Биыл 13 көше жөнделеді деп күтілуде, сондықтан көрсеткіш 49 пайызды қамтиды. Ал 2024 жылы 8 көше, 2025 жылы 12 көше жөнделсе, асфальтталу жұмыстары 100 пайызға қамтылған болып саналады.
Сонымен қатар биылғы жылы Яссауи көшесі жарықтандырылады. Сондай-ақ, 2024 жылы Сыздықов, Б.Момышұлы көшелері, 2025 жылы Б.Әлменов, Б.Саттарханов, Ж.Серікбаев, Ә.Тәжібаев көшесі жарықтандырылмақ. Жалпы Самал-3 шағын ауданы 100 пайыз ауыз су, электр жарығы, табиғи газбен, талшықты интернетпен қамтылған.
Төменде жөнделетін көшелер тізімі берілген:
1.Ұлы дала көшесі
2. Юсупов көшесі
3.Алпамыс көшесі
4. Ерназаров көшесі
5. Манас көшесі
6. Алмалы бақ көшесі
7. Қазақ ордасы көшесі
8. Мәңгілік ел көшесі
7. Тыңдала көшесі
8. Қобыланды көшесі
9. Самал жел көшесі
10. Құс жолы көшесі
11. Бесқарағай көшесі
12. Келес көшесі көшесі
13. Тамшыбұлақ көшесі.
Айта кету керек, Шымкент қаласында биыл 9 нысанда жол құрылысы мен қайта құру жұмыстары жүргізіліп, жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.  Олардың көпшілігі қаладағы кептеліс мәселесін шешуге елеулі ықпал ететін ірі нысандар. Сонымен қатар жалпы ұзындығы 201.7 шақырымды құрайтын 253 көше орташа жөндеуден өтеді. Жол құрылысы және қайта құру жұмыстары жүргізіліп, 2023 жылдың соңына дейін пайдалануға берілетін нысандардың қатарында Д.Қонаев даңғылы жалғасының 3-ші кезеңі, А-2 айналма жолының 2-ші, 4-ші кезеңдері, Өтегенов көшесінің жалғасы және Ж.Адырбеков көшесін қайта құру жұмыстары бар. Мұнан бөлек биыл Бәйдібек би – Арғынбеков көшелерінің қиылысында салынып жатқан жолайрықтың 1-ші кезеңінің құрылысы аяқталады.