ЕҢБЕКШІДЕ 28 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛАДЫ
Шымкент қаласы Еңбекші ауданында көшелерді жарықтандыру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Алдағы уақытта бірінші кезекте әлеуметтік маңызы бар нысандарға баратын орталық көшелер назарға алынады. Содан соң, қалған көшелер мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағытта кезең-кезеңімен жарықтандырылатын болады.
Қазіргі таңда аудан шекарасының өзгеруіне байланысты жарықтандырылған көше саны 89-ды құрап отыр. Сондай-ақ, Еңбекші ауданы аумағындағы 2022 жылы 121 көшесі жарықтандырылған болатын. Ал биыл 28 көше жарықтандырылады деп күтілуде. Сонымен биыл жарық шамдар орнатылатын көшелер тізімі төмендегідей: 1.Озған Ата көшесі /Кеңсай-2 көшесі; 2.Мойынқұм көшесі; 3.Юсупов көшесі; 4.Ұйғын-Қошалы ата көшесі (Испиджаб тұрғын алабы); 5.Айдын /Тәңір құт көшелері; 6.Қойкелді батыр көшесі; 7.Құрбан ата көшесі; 8.Құрманғазы көшесі; 9.Қайып ата көпірі; 10.Е.Исраилов көшесі; 11.Әмір аға/ Саяжол көшелері; 12.Қ.Сарымолдаев көшесі; 13.Достық көшесі; 14. №12 шағын аудан ішкі кварталы; 15.Жастар көшесі; 16.Ақорда (Шаңырақ шағын ауданы); 17.Набережная көшесі; 18. Абзал көшесі; 19.Далабазар көшесі; 20.Қапал батыр көшесі; 21.Сатыбалдиев көшесі; 22.Асылтас көшесі (Шаңырақ шағын ауданы); 23.Айбота көшесі (Шаңырақ шағын ауданы); 24.№43 орта мектебі (№12 шағын ауданы); 25.Жастар-2 көшесі; 26.Мәделі Қожа көшесі; 27.Қалтаев көшесі; 28.Қазанғап батыр көшесі. Айта кетейік, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 2021-2023 жылдары 312 көшені жарықтандыру жоспарланған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үлкен қалаларда тұрғындарға қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыруды тапсырған болатын. Осы тапсырманы орынау мақсатында Шымкент қаласының әкімдігі «Шымкент қаласын жарықтандырудың құрылысын салу, қайта құру және пайдалану» жобасын әзірлеген. Жобаның аясында 2021 жылы Шымкентте 136 көше жарықтандырылды. Солардың арасында шалғай елді мекендер мен шағын аудандардағы Гүлдала, Жоламан, Ағайынды Тәжібаевтар, Сыздықов, Егемен ел, Қазына, Әлмахан қажы және Жабай ата, Аргоферма Қарасу, Ақсуат секілді көшелерді атап көрсетуге болады. Мұнан бөлек 2021 жылы 30 көшедегі ескі жарық шамдар, заманауи LED шамдармен алмастырылды. Шамы жаңарғандардың арасында Темірлан тас жолы мен Ю.Гагарин, Түркістан, Төле би секілді орталық көшелер де бар. Қаладағы жарықтандыру желілері автоматтандырылған басқару жүйесіне қосылып жатыр. Диспетчерлік орталықта қай көшелер қосылып немесе өшіп тұрғандығын, қай көшеде қанша жарықшам істен шыққандығын көрсететін бұл жүйеге әзірге 40 көше қосылған.