НАШАҚОРЛЫҚ — ӨМІРГЕ БАЛТА ШАБУ

82
0
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында «Өскелең ұрпақтың болашағына қауіп төндіретін тағы бір қатер – есірткі заттарының, соның ішінде синтетикалық есірткінің де таралуы. Құқық қорғау органдарына бұл қатердің азаматтар арасында, әсіресе жастардың ішінде таралуына барынша тосқауыл қоюды тапсырамын», деген болатын.
Осыған орай, Абай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастырумен «Нашақорлық – адам жауы» тақырыбында А. Молдағұлова атындағы №29 жалпы орта білім беретін мектебінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді, Мақсаты — қазіргі заманның жаһандық мәселеге назар аудара отыра, жастардың арасында есірткі заттарын пайдалануға теріс көзқарасты қалыптастыру.
Кездесуге Тұран ауданы прокуратурасының прокуроры, Дін істері басқармасы дін мәселелерін зерттеу орталығының теологы мен нарколог маманы қатысты. Түсіндірме жұмысы барысында кәмелетке толмаған жастар арасында есірткінің адам өміріне әкелер кері әсері, діни ағымдардан сақтану жолдары мен есірткі заттарын сатқандарға заң аясында қандай шара қаралғандығы жөнінде айтылды. Айта кету керек, Шымкент қаласында 16 қыркүйек күні «World clean up day» — «Дүниежүзілік тазалық күнінде» «Киелі табиғат» бірыңғай республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілік іс-шарасы өтті. Сайрам тұрғын алабындағы тарихи орындарға арнайы ұйымдастырылған тазалық акциясына қала жастары қолдау көрсетіп, белсенділік танытты. Дәстүрлі экоакцияға ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма қызметкерлері, қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер, қала жастары және эковолонтерлер қатысты. Іс-шарада қала жастары тұрғын алаптағы Сайрам қалашығы (Исфиджаб), Абдель-Азиз баб, Ибрагим-ата кесенесі, Қожа Салих кесенесі, Мірәлі баб кесенесі, Қарашаш ана кесенесі, Қызыр мұнарасы тарихи нысандарында тазалық жұмыстарын жүргізіп, киелі орындарды аралады. Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Сәкен Шәкеев экологиялық акцияның тәрбиелік мәні зор екенін атап өтті.