МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ТАПСЫРМАСЫНА СӘЙКЕС ӨҢІРЛІК ХАБТЫ ҚҰРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
Орталық Коммуникациялар Қызметі арнайы баспасөз мәслихатында «Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы» жөнінде жасаған баяндамасында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов осылай деді.
Үшінші мегаполистегі жаңа индустриялық аймақта инвестициялық құны 147 млрд. теңге құрайтын, 42 жобаны іске асыру жұмыстарын басталып кетті. Оның ішінде, 2023 жылы инвестициялық құны 7 млрд. теңге құрайтын, 400-ден аса жаңа жұмыс орындарымен 5 жобаны іске қосу көзделуде. Сонымен бірге, ауылшаруашылық өнімдерін терең өңдейтін өндірістік алаңдарын дамыту мақсатында, аумағы 132 гектар құрайтын «Бозарық» тамақ өнеркәсібі агро-индустриялық аймағында инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы жүргізілуде. Нәтижесінде, 21 жобаға 23 млрд.теңге инвестиция тартылып, 1 800-ден астам жұмыс орны ашылатын болады. Сондай-ақ, Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес, сауда-логистикалық орталығын кеңейте отырып, бүкіл оңтүстік өңірі үшін өңірлік Хабты құру бойынша жұмыстар басталды. Жобаны іске асыру мерзімі 2023-2027 жылдар. Аталған аймақта 47 млрд. теңгеге 23 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Сонымен қатар, аумағы 119 гектарды құрайтын жаңадан «Стандарт» жеке индустриялық аймағы құрылып жатыр. Бұл жерде 30 млрд. теңге инвестиция тартылуда. 150 жобаны іске асырылса, 2 мың жаңа жұмыс орындары ашылатын болады. Айта кетейік, бүгінде климаты жағымды, географиялық орналасуы оңтайлы, еңбекқор халқы бар Шымкент инвесторлар үшін өте қолайлы қалаға айналып отыр. Инвестахуалды жақсарту мақсатында атқарылып жатқан кешенді шаралар да шетелдік бизнес өкілдерінің республикадағы үшінші қалаға қызығушылығын арттыруда. Осы бағытта қолға алынған қыруар жұмыстардың нәтижесінде биылғы жылдың 4 айында қала экономикасына 134,2 млрд теңге инвестиция тартылды. Көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 20,1%-ға артып отыр. Сондай-ақ жыл соңына дейін 721,7 млрд теңге инвестиция тарту жоспарлануда. Осылайша биылғы көрсеткішті алдыңғы жылмен салыстырғанда 32%-ға арттыру көзделген.