МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

65
0
Шымкентте кәсіпорындардың басым бөлігі индустриялық аймақтарда шоғырланғандықтан мониторинг жұмыстары осы аймақтарда жүргізіледі. Бүгін бұл туралы Ақпарттық-коммуникациялық орталығы алаңында Шымкент қаласының Экология депаратментінің басшысы Е. Қозыбаев брифингте айтып өтті.
«Кезекшілік уақытында «Оңтүстік» және «Ордабасы» индустриалды аймақта орналасқан метал балқыту зауыттарының және медициналық қалдықтарды залалсыздандыратын кәсіпорындарының санитарлық қорғаныш аймағынан атмосфералық ауаға аспаптық сынама алу нәтіжесінде, ластаушы заттардың шекті мөлшердегі концентрациядан асу фактілері анықталды. Нәтижесінде, жыл басынан бері индустриялық аймақта 4 кәсіпорынға тексеру аяқталып, тиісті әкімшілік шара қабылданды», — деді ол. Сонымен қатар көктем уақытында Ынтымақ шағын ауданы тұрғындарынан жағымсыз иіс бойынша «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің кәріз суларын тазалау қондырғысына бірнеше рет шағым түскен. Жүргізілген тексеру нәтижесінде жалпы сомасы 995 мың теңгеден астам 2 айыппұл салынып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым жолданып, «Су ресурстар-Маркетинг» ЖШС-і тарапынан кәріз суларын тазалау қондырғысының аумағынан шығатын жағымсыз иісті болдырмау мақсатында мерзімдері көрсетілген іс-шара жоспары әзірленіп, Шымкент қаласының экология департаментімен келісімімен бекітілген. Айта кету керек, Шымкентте қазіргі таңда соттың қаулысымен экологиялық рұқсатсыз жұмыс істеген 2 кәсіпорынның қызметі тоқтатылды. Сонымен қатар 3 кәсіпкерлік субъектісіне жоспардан тыс тексеру тағайындалып, тексеру жұмыстары жүргізілуде. Қозғалған әкімшілік істер ішінде Заңсыз жер қойнауын пайдалану дерегі бойынша 3 жеке тұлғаға жалпы сомасы 198 мың теңгені құрайтын әкімшілік айыппұл салынған. Бұдан бөлек, ҚР Бас прокуратурасының тапсырмасы негізінде, Шымкент қаласының Тұран, Абай, Еңбекші, Қаратау және Әл-Фараби аудан прокуратураларының Қаулысымен жолаушылар тасымалын және техникалық тексеруді жүзеге асыратын 17 автопаркке тексеру тағайындалып, Шымкент қаласының экология департаментінің мамандары тексеріске қатысуда.