22 БЕЙ-БЕРЕКЕТ ҚОҚЫС ОРНЫ АНЫҚТАЛДЫ

75
0
Шымкентте 22 бей-берекет қоқыс орны анықталды. Бүгін бұл туралы Ақпарттық-коммуникациялық орталығы алаңында Шымкент қаласының бас Экологы, экология депаратментінің басшысы Е. Қозыбаев брифингте айтты.
«ҚР Үкімет басшылығы мен Министрлік тарапынан бей-берекет қоқыс орындарын жою жұмыстарына үлкен көңіл бөлінуде. Шымкент қаласының экология департаменті мамандарымен аумақтарды аралау арқылы сәуір айынан осы күнге дейін қала аумағында 22 қоқыс орны анықталды. Олар: Әл-Фараби ауданында — 6, Абай ауданында — 3, Тұран ауданында — 4, Еңбекші ауданы — 4, Қаратау ауданы — 5. Барлық қоқыс орындары аудан әкімдіктерімен уақытылы тазартылды. Тазарту жұмыстары әлеуметтік желілерде тікелей эфир арқылы көрсетілуде. Әкімдік мамандары бірден тиісті техникаларды жұмылдырып, қысқа уақытта тазалауды ұйымдастырып отыр», — деді эколог. Сонымен қатар «Ғарыш сапары» акционерлік қоғамының ғарыштық мониторингі арқылы қала аумағында бей-берекет қоқыс үйінділерінің 20 координаттық нүктелерін анықталды Олар: Абай ауданында — 2, Тұран ауданында — 8, Еңбекші ауданы — 7, Қаратау ауданы — 3. Департаментпен және аудан әкімдіктерінің мамандарымен қоқыс үйінділеріне анықтау зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда, Тұран ауданы бойынша 2 қоқыс орыны толық тазаланды. Айта кетейік, Шымкент қаласының экологиялық мәселелерін кешенді шешу бойынша бекітілген Жол картасына өзгерістер енгізілді. Бұл туралы Шымкент қаласының экология департаментінің басшысы Ермахан Қозыбаев былай деді «Бұл өзгеріс енгізілген Жол картасында маңызды іс-шаралар қарастырылған. Олар: «ПетроҚазақстанОйлПродактс» ЖШС-нің санитарлық қорғау аймағын көгалдандыру үшін жер учаскелерін анықтау және заңды түрде ресімдеу, қалада нөсер жауын канализациялық жүйесінің құрылысы, коммуналдық қалдықтарды бөлек жинау үшін инфрақұрылым құру, құрылыс қалдықтарын қайта өңдеу инфрақұрылымын құру, қала аумағынан ағып өтетін өзендердің су қорғау аймағы мен белдеулерін бекіту, «Қошқар ата» өзенін абаттандыру және басқа да қаладағы экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған іс-шаралар енгізілген. Жол картасының орындалу деңгейі Министрліктің бақылауында тұр. Сондай-ақ қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасымен Шымкент қаласы бойынша қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленуде».