ШЫМКЕНТТЕ 3 ЖЫЛДА 472 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛДЫ
Шымкент қаласы бойынша орталық маңызы бар 747 көшенің 472 көшесі жарықтандырылған. Оның ішінде 2020 жылы 220 көше жарықтандырылса, 2021 жылы жоба аясында 137 көше жарықтандырылып, жарықпен қамту көрсеткіші 29,5 %-дан 48 %-ға өсті.
Ал 2022 жылы 115 көше жарықтандырылып, қамту көрсеткіші 48 %-ден 63 %-ға өсті. Сондай-ақ, 2023 жылы 104 көше жарықтандырылады. Қазіргі таңда, 6 айдың қорытындысымен жобалау-сметалық құжаттамалар толық әзірленіп, 49 көшеде құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Айта кету керек, Шымкент қаласы Еңбекші ауданында көшелерді жарықтандыру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Алдағы уақытта бірінші кезекте әлеуметтік маңызы бар нысандарға баратын орталық көшелер назарға алынады. Содан соң, қалған көшелер мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағытта кезең-кезеңімен жарықтандырылатын болады. Қазіргі таңда аудан шекарасының өзгеруіне байланысты жарықтандырылған көше саны 89-ды құрап отыр. Сондай-ақ, Еңбекші ауданы аумағындағы 2022 жылы 121 көшесі жарықтандырылған болатын. Ал биыл 28 көше жарықтандырылады деп күтілуде. Сонымен биыл жарық шамдар орнатылатын көшелер тізімі төмендегідей: 1.Озған Ата көшесі /Кеңсай-2 көшесі; 2.Мойынқұм көшесі; 3.Юсупов көшесі; 4.Ұйғын-Қошалы ата көшесі (Испиджаб тұрғын алабы); 5.Айдын /Тәңір құт көшелері; 6.Қойкелді батыр көшесі; 7.Құрбан ата көшесі; 8.Құрманғазы көшесі; 9.Қайып ата көпірі; 10.Е.Исраилов көшесі; 11.Әмір аға/ Саяжол көшелері; 12.Қ.Сарымолдаев көшесі; 13.Достық көшесі; 14. №12 шағын аудан ішкі кварталы; 15.Жастар көшесі; 16.Ақорда (Шаңырақ шағын ауданы); 17.Набережная көшесі; 18. Абзал көшесі; 19.Далабазар көшесі; 20.Қапал батыр көшесі; 21.Сатыбалдиев көшесі; 22.Асылтас көшесі (Шаңырақ шағын ауданы); 23.Айбота көшесі (Шаңырақ шағын ауданы); 24.№43 орта мектебі (№12 шағын ауданы); 25.Жастар-2 көшесі; 26.Мәделі Қожа көшесі; 27.Қалтаев көшесі; 28.Қазанғап батыр көшесі. Айта кетейік, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 2021-2023 жылдары 312 көшені жарықтандыру жоспарланған.