ҚҰРСАЙЛЫҚТАРДЫҢ САПАЛЫ АУЫЗСУ ТҰТЫНАТЫН КҮНІ АЛЫС ЕМЕС

72
0
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Құрсай елдімекенде жүргізіліп жатқан магистралды суаққы және ауыз су жүйесінің құрылысын аралады. Абай ауданына қарасты Құрсай елдімекенінің тұрғындары суды кестемен тұтынып отырған шағын ауданның бірі. Сондықтан шағын аудандағы 4900 абонентті құрайтын 25 мыңға жуық халықты сапалы ауыз сумен қамту мақсатында 2020-2021 жылдар аралығында 2 кезеңдік жоба түзілген.
Олар Құрсайға тартылатын магистралды суаққы және ішкі орамдық ауыз су жүйелерінің құрылысы. Екі нысанның да жобалау-сметалық құжаты әзірленіп, бастапқы сатысы мердігер мекеме «Риголит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан 2021 жылы басталған. Бірінші кезең бойынша су жүйелерінің ұзындығы 185 шақырым. Қазіргі уақытта бірінші кезеңнің жұмысы 98 пайызға орындалған. Ал екінші кезең бойынша су жүйелерінің ұзындығы 151 шақырым, орындалған жұмыс көлемі 97% құрайды.
Қазіргі уақытта Құрсай шағын ауданында жеткізуші магистралды суаққының және ішкі орамдық ауыз су жүйелерінің құрылысы қарқынды түрде жүруде. Жалпы құрылыс жұмыстары биылғы жылдың қыркүйек айына дейін аяқталып, Құрсай шағын ауданы толыққанды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады. Қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстарының құрылысын уақытылы аяқтауды тапсырды. Айта кету керек, қазіргі таңда Әл-Фараби ауданында ауыз су жүйесімен қамту көрсеткіші 100% құрап отыр. 2022 жылы Сәуле шағын ауданында Жаңабазар көшесінде қалып кеткен 40-тан астам үйге ауыз су тарту жұмыстарын «Су құбыры және канализация басқармасы» МКК тарапынан жүргізіліп, тұрғындарға пайдалануға берілді. Сонымен қатар, «Текесу» елді мекенін ауыз су жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында, құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме «Жаңару» ЖШС тарапынан жұмыстар жүргізіліп, аяқталды. Сонымен қатар аудан 2023 жылы табиғи газ жүйесімен қамту көрсеткіші 100 пайызды құрайтын болады. 2022 жылы Ақтас-2 елді-мекенінде мердігер мекеме «Ремстрой» ЖШС тарапынан табиғи газ желісінің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, абоненттерге қосылу бойынша жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар, 195-орамда мердігер мекеме «Ремстрой» ЖШС тарапынан табиғи газ желісінің құрылыс жұмыстары жүргізілді. Ал, 276-орамда құрылыс жұмыстары 2023 жылдың І-жартыжылдығында аяқталу жоспарлануда.